AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сапалы жолдардың үлесін 92%-ға жеткізу жо...

Алматыда сапалы жолдардың үлесін 92%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Әлеумет 06.09.2024, 10:06 1,988 Bakyt
Алматыда сапалы жолдардың үлесін 92%-ға жеткізу жоспарланып отыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында тұрғындардың өтінішімен реттелмейтін жол қиылыстарына 8 бағдаршам орнатылды

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданның жол инфрақұрылымын жаңғырту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қала басшысы жыл басынан бері 14 көшеде 12,5 км жолдың орташа жөндеуден өткенін, қазан айының соңына дейін тағы 19 көшеде 17,5 км жолдың жөндеуден өтетінін хабарлады. Ағымдағы жөндеу аясында 69 көшеде 22 мың шаршы метр жол жөнделді, қараша айының соңына дейін тағы 8 мың шаршы метр жол жөнделеді деп жоспарланған.

«4 көшеде 1,7 км тротуарлар салу жұмыстары жүргізілді, алдағы айларда тағы 6 магистральдық көшеде 1,8 км тротуар салу жоспарланып отыр. Аудан тұрғындарының өтінішімен реттелмеген жол қиылыстарына 8 бағдаршам орнатылды», – деді Ерболат Досаев.

Қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру туралы айта келе, Алматы әкімі биыл 10 бағыт бойынша автобустар жаңартылып, көлік саны 157-ден 180 автобусқа дейін артқанын хабарлады.

Сондай-ақ, Бостандық ауданындағы 7 мектептің 760 оқушысы «Мектеп автобусы» жобасымен қамтылған, ал жаңа оқу жылының басынан бері мектеп автобустарының саны 17-ге дейін артты.

Айта кету керек, жалпы Алматыда биылғы жылы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұрған жолдардың үлесін 92%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық #жолдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);