AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлі...

Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіледі

Заң мен тəртіп 10.06.2024, 14:25 1,395
Алматыда самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиіледі
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.

Өйткені қалада самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Қала тұрғындарының жайлы және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі. Алматы полициясы профилактикалық іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның басты мақсаты – оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту және жол-көлік оқиғаларын азайту. 

– Қала тұрғындары арасында баламалы көлік түрлері, соның ішінде самокаттар әлі де сұраныста. Алматы жолдарында олардың 50 мыңнан астамы бар, сәйкесінше жол-көлік оқиғасы да көбейген. Жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 38 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ. Ішкі істер Министрлігі қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Алайда қайғылы оқиғалар әді де жалғасуда. Самокат пайдаланушылар жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі болып табылады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Спикердің айтуынша баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың ҚР-ның жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша да жұмыс күшейтілген. Жыл басынан бері жолдың ортасында жиі қозғалатын, жеке қорғану құралдарының міндетті болуы талаптарын елемейтін, кәмелетке толмағандардың самокаттармен жүруіне жол берген 7,5 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 – Мен жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырамын. Ата-аналар өз баласының қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті сезінуі керек. Қылмысқа немқұрайлы қарамаңыз, балаңызды қорғаңыз, өзіңіз үлгі болып оларға заңды құрметтеуді үйретіңіз, – деді полковник Шумаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#самокат #Жол қозғалысы #полиция #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);