Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда салынып жатқан Monblanc тұрғын үй кешені...

Алматыда салынып жатқан Monblanc тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Әлеумет 01.11.2024, 18:22 1,458
Алматыда салынып жатқан Monblanc тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Ерменсай шағын ауданындағы, 7-ші бұрылыс, 8-учаскеде орналасқан тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылды.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Ерменсай шағын ауданындағы, 7-ші бұрылыс, 8-учаскеде орналасқан тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылды.

Нысанға жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында «MGM Development» ЖШС аталған тұрғын үй кешенінің құрылысын СЖТ-сыз, эскиздік жобаны келісусіз, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламасыз, мемлекеттік сараптама, авторлық және техникалық қадағалаусыз бастағаны анықталды.

2022 жылы 21 желтоқсанда тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2023 жылы 25 сәуірде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды сүру туралы талап арыз берілді.

2023 жылы 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты МАЭС-ның нысанды сүру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды, меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

Бүгін нысанды сүру жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысты бақылауды күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 50 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай бұзылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #MGM Development #сот #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

-colors"> ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады 20:39

-colors"> Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды 19:17

-colors"> Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді 17:40

-colors"> Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады 17:23

-colors"> Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.