Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шеші...

Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылады

Әлеумет 23.02.2023, 05:02 1,399
Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Бостандық ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимарат Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында заңды өрескел бұза отырып салынған. Нысан жоба эскизінсіз салынған, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген,  деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қала құрылысын бақылау басқармасы және меншік иесі арасындағы сот процесі екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Қысқаша сипаты мен таныстырып өтеміз.


2020 жылдың 6 наурызында талап арыз Бостандық аудандық сотына жіберілді. Сот ұйғарымымен талап арыз қанағаттандырылып, Алматы қалалық сотының 16.10.2020 жылғы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.


2021 жылдың 13 мамырында мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімін ерікті түрде орындау туралы хабарлама жіберді. Алайда, бұл уақытқа дейін меншік иесі жер телімін басқа жеке тұлғаға сатып жіберген, осыған байланысты сот орындаушысы қаулыны орындаусыз қайтарған.



Өз кезегінде, Қала құрылысын бақылау басқармасы жер телімін сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызға бастамашы болды. 27.01.2022 жылы сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылды, Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.





Атқару парағы Алматы қаласы Әділет департаментіне 2022 жылдың 05 мамырында жолданған. Нысанды бұзу 09.08.2022 жылға жоспарланған болатын. Алайда, сот орындаушысының әрекетіне шағымдануын ескере отырып, бұзу жұмыстары жүргізілмеген.



Одан әрі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты үшінші тұлға Алматы қалалық сотына бұзу туралы шешімге апелляциялық шағым түсірді.  Алматы қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.


Бүгінгі күні орындау Алматы қаласы Әділет департаментінің өндірісінде, сот орындаушысымен нысанды бұзу мерзімі әлі белгіленбеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.