Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді

Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді

Әлеумет 03.11.2022, 09:44 1,102
Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді
almaty-akshamy.kz

№4 перзентхананың акушерлері салмағы 5 келі 100 грамм нәрестені дүниеге әкелді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Алматылық Натальяны батыр ана деп атайды. Әдетте мұндай ірі нәрестені дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырады.  Сол себепті акушерлер оны толық дайын оталық топтың қатысуымен босандырды. Бұл жолы кесарь тілігін жасау қажет болмады, үш сағаттан кейін дүниеге сәби қыз келді. 



«Әйелде қағанақ суының көптігі орын алды, мұндай жағдайда өзі босанғанда ана мен бала үшін белгілі бір қауіп болды. Қағанақ суының көптігі кезінде асқыну болса, кіндіктің түсуі мүмкін еді. Ал бұл өз кезегінде шұғыл түрде кесарь тілігі арқылы босандырудың көрсеткіші болар еді. Ультра-дыбыстық зерттеу кезінде іштегі нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған. Кесарь тілігі арқылы босану жоспарда болған, бірақ кенеттен туыт басталып кетті. Натальяны Екатерина Самарцева, Индира Кемалова үшеуміз бірге жайылған ота бөлмесінде босандырдық. Бәріміз дайын болдық. Қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да дүниеге қыз бала келді», - дейді Алматы №4 перзентханасының акушер-гинекологы Айнұр Иманқұлова.



Қазір Наталья үйге шығуға дайындалып жатыр. Қызын Дарья деп атады. Бұл Натальяның отбасындағы төртінші бала. 



«Мен 38 жастамын, үлкен қызым 11де, ұлым 9 жаста, содан кейін 2,7 жастағы тағы бір ұлым бар, міне, Дария деген қызым дүниеге келді. Дарья - сыйлық деген сөзден шыққан. Алла Тағала бізге төрт бала сыйлады. Менің үлкен қызым да ірі салмақпен дүниеге келді - 4100 грамм. Даша да ірі, босану қиын болды. Қызымды дүниеге әкелуге көмектескен дәрігерлерге рахмет. Өз жұмысын жақсы, үйлесімді орындайды, 5 деп бағалар едім. Акушерлердің жұмысы өте ауыр, олар нағыз батырлар екен. 2020 жылы осында үшінші баламды босандым, маған перзентхана ұнады, сондықтан Төртінші перзентханаға қайта оралдым», – дейді алматылық Наталья.



Іштегі нәрестенің үлкен болуы қазір сирек жағдай емес дейді дәрігерлер. №4 перзентханада жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 621 сәби дүниеге келген. Ал салмағы 5 келіден асатын 10 бала туды. 


Іште ірі нәрестенің даму себептері: жүкті әйелде қант диабетінің болуы, гемолитикалық ауру - бұл ауру бала мен оның анасы арасында резус қайшылығы орын алғанда болады,  тұқым қуалаушылық, екінші және кейінгі жүктілік,  жүкті әйел көмірсутекті тағаммен шамадан тыс тамақтанған жағдайда болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сәби #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.