ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда "Салауатты тамақтану мектебі" бағдарламас...

Алматыда "Салауатты тамақтану мектебі" бағдарламасы жүйелі жұмыс істеп жатыр

Алматы 21.01.2026, 14:56 230
Алматыда "Салауатты тамақтану мектебі" бағдарламасы жүйелі жұмыс істеп жатыр
сурет: автордан
Алматының №78 мектеп-гимназиясында Білім басқармасына қарасты Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен «Саламатты мектеп» ұлттық жобасы аясында...

Алматының №78 мектеп-гимназиясында Білім басқармасына қарасты Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен «Саламатты мектеп» ұлттық жобасы аясында семинар өтті.

Мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына арналған «Салауатты тамақтану мектебі» авторларының кәсіби тәжірибесін тарату, дұрыс тамақтану бойынша оқу-тәрбие үдерісіне тиімді әдістерді ұтымды енгізу, педагогтердің өзара тәжірибе алмасу алаңын құру.

Семинарға «Саламатты мектеп» ұлттық жобасына атсалысып жүрген 80-нен астам  білім беру ұйымының өкілдері қатысты.
Іс-шараны №78 мектеп-гимназия директоры Құндыз Сәдуақасова құттықтау сөзімен ашып,  бастауыш сынып оқушылары үшін дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім жетекшісі, «Саламатты мектеп» жобасының үйлестірушісі Татьяна Владимировна балалардың денсаулығына алаңдаушылықтан туындаған дұрыс тамақтану жобасымен  жан-жақты таныстырды. Дұрыс тамақтану мәдениетін адам бойында ерте жастан қалыптастырудың маңыздылын айқындайтын  ғылыми-тәжірибелік мәліметтерге сәйкес, осы №78 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері Гүлмира Розыбакиева,  Алла Хандогина және аталған орталықтың бөлім жетекшісі Зульфира Бибалинова бірлесіп,  1-4-сынып оқушыларына арналған «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасын әзірледі.

Бүгінгі күні оқушылардың денсаулыққа зиянды тағамдардан бас тартып, адам ағзасына пайдалы азықтармен денсаулық күтімін нығайтуды көздейтін жоба бойынша жұмыс істейтін мектептер саны арта бастады. 

«Елімізде Оқу-ағарту  министрлігі мен  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  бірлескен «Саламатты мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында «Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасына  Алматы қаласының  барлық мектебі толық қатысады. Айтулы жоба шеңберінде жыл сайын педагогтерге арналған қалалық, өңірлік, республикалық әдістемелер байқаулары ұйымдастырылады. Атап айтсақ, өткен жылы осы №78 мектеп-гимназияның  бастауыш сынып мұғалімі Саида Магамедова Республикалық үздік әдістемелер байқауының жеңімпазы атанды.  Жалпы,  «Дұрыс тамақтану мектебі» бағдарламасына қызығушылық танытқан педагог, ата-ана, оқушы үшін барлық ресурс қолжетімді, әдістемелік оқу құралдары мен жұмыс дәптерлері ғаламторға жүктелген. Әрине, мұның бәрі бағдарлама авторларының үздіксіз ізденісі мен табандылықпен атқарған еңбектерінің нәтижесі», – деп  атап өтті «Саламатты мектеп» ұлттық жобасының  үйлестірушісі Татьяна Владимировна. 

Семинарда бағдарлама авторлары – Гүлмира Розыбакиева, Алла  Хандогина бастауыш сыныптарға арналған «Дұрыс тамақтану мектебі» бағытындағы  жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушыларының көкөніс пен жемістің адам ағзасына пайдасы туралы әзірлеген көрсетілімі  салауатты тамақтану мектебі – денсаулық күтімінің негізі екенін айшықтай түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.