ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда сал ауруымен ауыратын балаларға күрделі о...

Алматыда сал ауруымен ауыратын балаларға күрделі ота жасалды

Медицина 04.10.2024, 14:11 1,293
Алматыда сал ауруымен ауыратын балаларға күрделі ота жасалды
aqshamnews.kz
Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында травматолог мамандар церебралды сал ауруынан аяқ-қолдарында ақау пайда болған балаларға қалпына келтіру мақсатында көп деңгейлі...

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында травматолог мамандар церебралды сал ауруынан аяқ-қолдарында ақау пайда болған балаларға қалпына келтіру мақсатында көп деңгейлі операциялар жасады.

Бұл күрделі оталар аурухана базасында алғаш рет осы жылдың тамыз айында ресейлік медицина орталықтарының мамандарымен бірлесіп жүзеге асырылды. Операциялар «Милосердие» ерікті қоғамының шақыртуы мен қаржылық қолдауының арқасында өтті.

Қазақстандық хирургтер шетелдік әріптестерімен бірлесіп жұмыс жасап, білімін шыңдады. Нәтижесінде олар кішкентай пациенттерді емдеу мен оңалту деңгейін арттыруға мүмкіндік алды. Бұл — ерекше қолдауды қажет ететін балаларды сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

Аурухананың ең жас пациенті небәрі 1,5 жаста. Бұл бүлдіршінге «Оң жақ аяғының туабітті ақауы. Оң жақ тізе сүйектерінің гипоплазиясы» деген диагноз қойылған. Аяқтағы екі сүйектің орнына бір ғана сүйек біткендіктен, хирургиялық ота жасамай бұл мәселені шешу мүмкін болмады. Операцияны қазақстандық хирургтер Ерлан Садырбалин мен Ұлжан Солтанбекова ресейлік әріптесі Андрей Кольцовпен бірлесіп жасады. Ота сәтті аяқталып, бүлдіршіннің өміріне үміт сыйлады. Айта кету керек, операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Бұл ота ауыр диагнозы бар бүлдіршін мен оның отбасына қалыпты өмірге жолдама сыйлады. Біраз уақыттан кейін орнатылған алғашқы протез кішкентай қыздың аяғын нық басып, жаңа өмірге қадам жасауына мүмкіндік берді.

Травматология бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Садырбалиннің айтуынша, церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды кешенді әдіспен емдеу қажет. Әсіресе мультидисциплинарлық әдістің нәтижесі мол: ортопед, невролог, реабилитолог мамандардың бірлесіп жұмыс жасауы көп нәтиже береді.

«Отадан кейінгі медициналық оңалту шаралары да баланың толық айығуында маңызды рөл атқарады. Сондықтан дәрігерлер мен науқастың ата-анасы қоян-қолтық жұмыс істеуі қажет», — деді дәрігер.

Керек дерек

Церебралды сал ауруы (ЦСА) — бұл балалардың орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан туындайтын ауру, қозғалыс және қимыл бұзылыстарына әкеледі. Ол көбіне ми дамуының ерте кезеңінде, жүктілік, босану кезінде немесе туғаннан кейінгі кезеңде орын алған факторлар әсерінен пайда болады.

Себептері:
- Жүктілік кезіндегі инфекциялар, токсикоз.
- Босану кезінде оттегінің жетіспеушілігі.
- Туғаннан кейінгі инфекциялар немесе жарақаттар.

Белгілері:
- Қозғалыстың бұзылуы, бұлшықеттердің қатты жиырылуы.
- Тепе-теңдік пен координацияның бұзылуы.
- Еріксіз, бақылаусыз қимылдар.

Емі:
- Дәрі-дәрмектер, физиотерапия, еңбек терапиясы.
- Хирургиялық ем және мультидисциплинарлық қолдау.

ЦСА толық емделмесе де, кешенді емдеу мен оңалту арқылы балалардың өмір сапасын жақсартуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.