Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбанд...

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Әлеумет 31.05.2024, 10:14 779
Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Іс-шара «Қарағайлы» скверінде өтіп, Қазақстанның жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамының басшылары мен 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина сөз сөйледі.

Гүл қою рәсіміне қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтары, қала халқы, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен жастар ұйымдарының өкілдері де қатысты. 
Қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келеді. Өткен ғасырдың бірінші жартысында 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың ішінде Қазақстанның көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин және т.б. бар.

Бұл күні қалада конференция, дөңгелек үстел, тарихи-ағартушылық дәріс, театрландырылған қойылым, кітапханалардағы фото және кітап көрмесі, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі сынды түрлі еске алуға арналған іс-шаралар өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ашаршылық #31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні #еске алу #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.