ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматыда «Саяси процестің жаһандық мәселелері» кон...

Алматыда «Саяси процестің жаһандық мәселелері» конференциясы өтті

Референдум - 2022 23.05.2022, 12:57 1,345
Алматыда «Саяси процестің жаһандық мәселелері» конференциясы өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz
Абай атындағы ҚазҰПУ-да конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Саяси процестің жаһандық мәселелері» конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Іс-шараға ҚР...

Абай атындағы ҚазҰПУ-да конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Саяси процестің жаһандық мәселелері» конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Динара Нөкетаева, оқу орнының ректоры Дархан Біләлов, «AMANAT» партиясының қалалық штабының мүшелері – Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев пен Тимур Нұртаев, профессорлық-оқытушылық құрамы және жастар істері жөніндегі басқармалардың, студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары, белсенді студенттер қатысты.



Шараның мақсаты – ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобамен танысу, алдағы референдумға қатысу бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру.


Университет ректоры Дархан Біләлов біздің мемлекеттілігіміздің дамуының жаңа кезеңіне қадам басып келе жатқанымызды атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы үшін өте маңызды қадам жасағанын, саяси реформалардың қажеттігін және Конституция алдында барлығы бірдей тең екенін айтты.



«Ата Заңда ҚР барлық азаматтарының мүдделері ескерілуі тиіс. Референдум - жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы нақты және батыл қадам. Баршаңызды таңдау жасауға шақырамын», - деді ректор.



Кездесу барысында спикерлер ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы егжей-тегжейлі айтып, еліміздің қолданыстағы Конституциясына ұсынылатын түзетулер демократияны нығайтуға, заңның үстемдігіне бағытталғанын атап өтті. Референдум – жаңа Қазақстанды құрудағы нақты қадам, ал саяси реформалардың басты тетігі Президенттің ұсынған конституциялық өзгерістеріне халықтың қолдау көрсетуі болып табылады және әрбір қазақстандық елдің дамуына өз үлесін қосуы тиіс.



Нұртөре Жүсіп бұл жаңа Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне елеулі серпін беретінін атап өтті, өйткені өзгерістер халықтың үнін еститін және оның пікірін ескеретін мемлекеттің негіздерін ескереді. Сенатордың айтуынша, әділеттілік, тәртіп, бірлік және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту Конституцияның құндылықтары болып табылады.


Сенатор Динара Нөкетаева реформалар халықтың қажеттіліктеріне және уақыттың сын-қатерлеріне жауап беретінін атап өтті. Ол білім және ғылым саласындағы өзгерістер, педагог мәртебесін арттыру бойынша мемлекет жүргізіп жатқан шаралар туралы айтып, жас мұғалімдерді қолдау мүмкіндіктерін ілгерілеу және жас ғалымдарға отандық ғылымды дамыту үшін көмек көрсету арқылы ауыл мектептерін кадрлармен қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.


ҚР Парламенті Сенатының депутаттары референдумның мақсатын нақты түсіндіріп, қатысушылардың қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.