Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқар...

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған спорт фестивалі өтуде

Әлеумет 24.08.2024, 11:11 1,171
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған спорт фестивалі өтуде
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Мегаполисте еліміздің көрнекті қос батыры, “Халық қаһармандары” – Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған ауқымды спорт фестивалі өтіп жатыр.

Шаһардағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Алматы қалалық Спорт басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған ерекше іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар мен спорт сүйер қауымның басын, тілегін, ниетін қосуда.

Олар саябақ төріндегі “Мәңгілік алауға” гүл шоқтарын қойып, батырларымызға құрмет көрсетті.
Фестиваль қатысушылары ұлы дала халқының дәстүрлі ойыны – асық атудан жарысып, боз кілемде қазақша күрестен ойын өрнегін көрсетуде.

– Бүгін саябақ іші ерекше күйге бөленіп тұр. Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаев сынды қос тұлғаны жас ұрпаққа үлгі тұтып, осылай дәріптеп жатқандарыңызға қуаныштымын. Сағадат Нұрмағамбетов жеткіншектердің білімді де білекті болғанын қалайтын, сол жолда еңбек етті. Осындай патриоттық-спорттық іс-шаралардың әрдайым белортасында жүрді. Сондықтан бүгінгі сүйкімді балалар мен білекті ересектердің қатар тұрып, фестивальге атсалысып жатқанын көрсе, сөзсіз қуанар еді. Спорт та адамдарды жақындастырады, шыңдайды, сергектік сыйлайды және жаңа жетістіктерге шабыттандырады. Мен де еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылып қалған қос батырымыздың есімін кейінгі ұрпақ ұмытпаса екен деймін, – деді “Халық қаһарманы” Сағадат Нұрмағамбетовтің немересі Айжан Талғатқызы.

Ал ІІМ майоры, түйепалуан Тимур Сыпатаев 200-дік шегені жалаң қолымен иіп, жүрекше жасап, спортты  сүйетін өрендерге сыйлады.


Фестиваль жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Біз сөзге тартқан 42 орта мектептің 4-сынып оқушысы Айқын Бақытжанұлының күрес үйірмесіне барып жүргеніне екі жылдан асыпты. Бүгінгі фестивальде жүлделі боламын деп тас бекініп отыр. Сәттілік тілейміз балдырғандарға!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сағадат Нұрмағамбетов #Рақымжан Қошқарбаев #100 жылдық #спорт фестивалі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.