AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандыры...

Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды

Әлеумет 14.08.2024, 12:44 879
Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» («ХҚБ») бағдарламасы бойынша Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысындағы жайлы әрі шағын скверде жаңа балалар ойын алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, сыртқы жарықтандыру жаңғыртылып, жаңа көгалдарға автоматты суару жүйесі тартылды, жаяу жүргіншілер аймақтары жаңарды.

Сквер соңғы рет 2016 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөнделген. 

Ескерткіштің жанындағы басты аллеядағы абаттандырылған скверде «Сәбит Мұқанов - сөз және қалам шебері» атты кітап көрмесінің тұсауы кесілді. Жазушы жайлы сөз зергері, ғалымдар мен мәдениеттанушылар әңгімеледі. Іс-шараны «Зейін» шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері музыкамен сүйемелдеп, қолдады. Ал Алмалы ауданының «Шыңға өрле, биікке самға» әлеуметтік клубының оқушылары атақты жазушының біздің сүйікті Алматы қаласына арнаған өлеңдерін оқыды.

2024 жылы «ХҚБ» бағдарламасы аясында Алмалы ауданында 12 қоғамдық кеңістік жаңартылуда. Олардың ішінде жаяу жүргіншілер аймақтары, скверлер және жасыл аймақтар бар. «ХҚБ» бағдарламасы аясында барлығы 52 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсат үшін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл осы бағдарлама бойынша қаржыландыру 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сәбит Мұқанов #Халық қатысатын бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);