ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда реставратор Қырым Алтынбековтің 70 жылдығ...

Алматыда реставратор Қырым Алтынбековтің 70 жылдығына арналған конференция өтті

Білім және ғылым 02.12.2022, 13:00 2,162
Алматыда реставратор Қырым Алтынбековтің 70 жылдығына арналған конференция өтті
Сурет: Ашық дереккөз
Орталық Азияның археологиялық артефактілерінің реставратор-ғалымының мерейтойы

Орталық Азияның археологиялық артефактілерінің реставратор-ғалымының мерейтойы


2022 жылғы 2 желтоқсанда ҚазҰУ бас мұражайында белгілі реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі Қырым Алтынбековтің 70 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлы даланың көне мәдениеті мен бай мұрасын зерттеп, қалпына келтіруге қырық жылдан астам еңбек жолын арнаған суретші-реставратор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мажарстанның «Рыцарлық Крест» орденінің иегері, әлемдегі ірі сәулет сарайы Луврда тәжірибе алған Қырым Алтынбековтің 70-жылдық мерейтойына арналған жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы болды. 


Сонымен қатар, тарих факультетінде Қырым Алтынбеков атындағы фойе ашылды. 



Қ.Алтынбеков түрлі әлем мұражайларында қойылған 1 000 астам тарих және мәдениет, ежелгі қолданбалы өнер ескерткіштерін қалпына келтірген, Орта Азияның археологиялық артефактарын қалпына келтіру бойынша жетекші ғалым-реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі, ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі.


Музей құндылықтарының консервациясы мен қайта қалпына келтіру ісіне өз өмірін арнаған Қ.Алтынбековтың әлем музейлерінде болған көрмесі енді ҚазҰУ музейінің төрінен орын алды. Көрермендерді әйгілі біздің «Үржар сәуегейі» мен «Тақсай ханшайымы», ежелгі көшпелілердің киімдері мен атрибуттары, әлемге әйгілі: «Алтын адам», «Берел жылқылары», «Сармат көсемі» т.б. археологиялық олжалардың қалпына келтірілуі туралы мәлеметтер бар.  «Үржар ханшайымы» табылған ескерткіш біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларға жатады.  




«Қырым Алтынбековтың бұл көрмесі тек Қазақстанда ғана емес  Ресейде, Австрияда, Бельгияда, Венгрияда, Кореяда, Қытайда, АҚШ-та, Түркияда және басқа да елдерде қойылған және әлемдік ғалымдардың көшпенділер тарихына деген қызығушылығын арттырып келеді. Көрмеге ағаш, керамикалық ыдыстар,  «мүйіз» ою-өрнегімен безендірілген, алтын және бағалы тастар мен көмкерілген әшекейлер, ханшайымдардың қолданған айна-тарақтары, т.б жәдігерлер қойылды. Бұл көрме желтоқсан айының соңына дейін университеттің орталық (ректорат) музейінде болады»,- дейді Музей жетекшісі Ардақ Жүмекеқызы.



 Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Басқарма төрағасы Ө.О.Жұбаниязов, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры Л.Қ.Сағындықова, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінің директоры М.О.Әмірғалиев, Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА ректоры А.Сатыбалды, сонымен қатар Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі, ҚР Жазушылар Одағы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының өкілдері мен  т.б. өнер, мәдениет, қоғам қайраткерлері қатысты. 


Аталған көрме желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.