AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда республикалық ревматологиялық орталық ашы...

Алматыда республикалық ревматологиялық орталық ашылады

Медицина 13.05.2022, 11:14 1,528
Алматыда республикалық ревматологиялық орталық ашылады
Сурет: Cmchospital.ge

Халықты тегін емдеуге мүмкіндік туады. 


Алматыда республикалық ревматологиялық орталық ашылады. Бұл туралы Қазақ ревматология алқасының президенті Ғалымжан Тоғызбаев бүгін өткен VI Еуразиялық ревматологтар конгресінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 


Игі бастама Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қолдау тауып, қазір оны жүзеге асыру мәселелері талқыланып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда бұл саланы дамыту. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мамандары қатысқан жиында білім мен ғылым жағынан тәжірибе алмасу көзделіп отыр. 



«Осы жиыннан кейін жаңа орталық ашылады. Жаңа технологияларды елге кіргіземіз. Енді мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, халықты тегін емдеуге мүмкіндік туады. Жаңа технологиялар ревматоидты артрит ауруларын емдейді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы Ғалымжан Тоғызбаев.



Алқалы жиынға Еуропа мен Азия елдерінің жетекші профессорлары да онлайн қатысып, тәжірибелерін бөлісті. Отандық ревматологтар кадр даярлау мәселесіне ерекше тоқталды. Өйткені, қазір елімізде иммундық-қабыну ревматикалық аурулары бар 861 мың 178 пациент тіркелген екен. Ал оларды емдейтін дәрігерлер аз. Ұйымдастырушылардың сөзінше, республикалық ревматологиялық орталықтың іске қосылуы – маман тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.



«Бірінші – бізде мамандар жетіспейді. Екінші – бұл өте күрделі ауру. Ол үшін үлкен зерделі зертханалар керек. Өйткені, ол бір нәрсемен біте қоймайды», – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Уәлихан Жүсіп.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аурухана #жоспар #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);