ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеум...

Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды

Алматы 23.10.2025, 18:58 314
Алматыда Республика күніне орай 60-тан астам әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Республика күні қарсаңында Алматы қаласында әлеуметтік саланы дамытуға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экономикалық әлеуетті кеңейтуге бағытталған 60-тан астам...

Республика күні қарсаңында Алматы қаласында әлеуметтік саланы дамытуға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экономикалық әлеуетті кеңейтуге бағытталған 60-тан астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Ауқымды жұмыстар мегаполистің сегіз ауданын да қамтиды және еліміздің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматының ел дамуының жетекші орталығы ретіндегі рөлін айқындайды.

Әлеуметтік сала

Республика күніне дайындық аясында қалада білім беру және әлеуметтік қолдау нысандарын пайдалануға беру аяқталуда. 20 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың қатарында жаңа жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар, мамандандырылған мекемелер мен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бар. Бұл бастамалар балаларға қосымша орындар ашуға, инклюзивті орта қалыптастыруға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым және абаттандыру

Ең ауқымды бағыт – қалалық ортаны жақсартуға бағытталған 32 жоба.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы және кешенді қалалық жобалар аясында аулаларды абаттандыру, саябақтар мен скверлер салу, жаяу жүргіншілер мен демалыс аймақтарын құру, аумақты көгалдандыру, көше жарығын жаңарту және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бұл шаралар қалалық ортаның жайлылығын арттырып, қоғамдық кеңістіктерді дамытып, тұрғындардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасайды.

Өнеркәсіп және экономика

Қаланың индустриялық аймағында 9 жаңа өндіріс нысаны пайдалануға берілуде.

Олардың қатарында автомобиль зауыты, шыны ыдыс шығаратын, картридж өндіретін және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындар бар.

Жаңа өндірістердің іске қосылуы жұмыс орындарын ашуға, салық базасын кеңейтуге және Алматының экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Коммуналдық жүйелерді жаңғырту

Инженерлік инфрақұрылым саласында 4 ірі жоба жүзеге асырылуда.

Олар — су және кәріз желілерін, жылу магистралін салу және қайта жаңарту, коммуналдық жүйелерді модернизациялау.

Бұл жұмыстар халыққа коммуналдық қызметтердің сенімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Аудандарды кешенді дамыту

Жобалар қаланың барлық сегіз ауданын қамтып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және коммуналдық жүйелерді жаңғыртуға бағытталған.

Іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен де, сондай-ақ тұрғындардың бастамасы арқылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында да жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде халықтың өзекті сұраныстарын нақты шешуге мүмкіндік береді.

60-тан астам жобаның жүзеге асырылуы – Алматы әкімдігінің әлеуметтік саланы дамыту, тұрақты қалалық инфрақұрылым қалыптастыру және өнеркәсіптік әлеуетті нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының айқын нәтижесі.

Нысандардың толық тізімі сілтемеде берілген.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.