ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Республика күніне орай №138 мектептің күр...

Алматыда Республика күніне орай №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды

Әлеумет 24.10.2024, 16:38 1,211
Алматыда Республика күніне орай №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданы Көктем-1 шағын ауданындағы жөндеуден өткен №138 мектепті көріп шықты, деп хабарлайды aqshamnew

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданы Көктем-1 шағын ауданындағы жөндеуден өткен №138 мектепті көріп шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz порталы.

1989 жылы салынған ғимараттың конструкциясының сенімділігін техникалық тексеру нәтижесінде қала әкімі мектепті сейсмикалық нығайту мен күрделі жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма берді. 

Мердігерлік ұйымның жұмысы 2023 жылдың желтоқсанында басталып, биыл қазан айының соңында аяқталды. Реконструкция жобасында ғимараттың жүктемені көтеруші құрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Жобада қасбет пен шатырды жөндеу, инженерлік жүйелерді ауыстыру және ғимараттың ішкі әрлеуі қарастырылған. 

Оқу орны биология, робототехника, информатика, химия пәндеріне арналған интерактивті тақталар мен планшеттермен жабдықталған кабинеттермен қамтылған. Сонымен қатар, заманауи стандарттарға сәйкес екі спорт және акт залы жабдықталған. Футбол алаңы мен спорт алаңы жаңартылды. Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары мен бет-әлпетті тану мүмкіндігі бар турникеттер орнатылған. Мектепте 797 бала мемлекеттік тілде оқитын болады.

Ерболат Досаев білім басқармасының басшысы мен мектеп әкімшілігіне мектепті II тоқсанның басына дейін Kitap.kz цифрлық кітапханасына қосу жөнінде тапсырма берді. Бұл кітапхана оқушыларға электронды және аудио форматтағы 6000-нан астам көркем әдебиет шығармасына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аудан әкімдігіне мектепке жақын аумақтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету жүктелді.

Айта кету керек, оқушылардың орны тапшылығын қысқарту мақсатында қалада бүгінгі таңда Зерделі шағын ауданында 550 орындық мектеп, әртүрлі аудандарда 5 қосымша құрылыс, сондай-ақ 6 мектептің күрделі жөндеуі мен реконструкциясы жүргізілуде. Бұған қоса, мегаполисте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 21 нысанның құрылысын жүргізу жалғасуда. Еске салсақ, қаладағы алғашқы «Жайлы мектеп» биыл қыркүйек айында ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.