AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Республика күніне арналған салтанатты кон...

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

Барлығы 24.10.2025, 19:26 766 Сұлу
Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті
Алматы әкімдігі

Алматыдағы Республика сарайында Республика күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кештің шымылдығы Мемлекеттік Туды сахнаға әкеліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын халық артисі Талғат Күзембаевтың орындауынан басталды.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Концертке Рамазан Стамғазы, Луина, Әлібек Дінішев, Қазыбек Құрайыш, Нұрлан Өнербаев, Жанар Дұғалова, Жұбаныш Жексенұлы, Мирас Жүгінісов, сондай-ақ «Дос-Мұқасан» ансамблі мен жас дарын Әділ Бектұрсын қатысып, көрерменге әсерлі кеш сыйлады. Іс-шара барысында заманауи эстрадалық туындылар мен халықтық-патриоттық әндер шырқалып, Отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті паш етті. Кештің сәнін келтірген хореографиялық қойылымдар мен пластикалық би көріністерін Wake Up балет тобы дайындады.

Концерттің ең ерекше сәті – заманауи технология мен өнердің тоғысуы болды. Кейбір музыкалық өңдеулер мен визуалды шешімдер жасанды интеллект негізіндегі отандық Higgsfield платформасының көмегімен әзірленді. Шығармашылық салаға инновациялық шешімдер енгізу Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген бағыттың айқын көрінісі. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияны дамыту – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды тетігі.

Кеш соңында «Атамекен» әні шырқалып, жиналғандарды мақтаныш сезімі кернеді. 

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен бұл мерекелік кеш Республика күніне арналған негізгі оқиға еді, ұлт бірлігі мен рухани сабақтастықтың, сондай-ақ алматылықтардың бейбітшілік пен өркендеуге деген талпынысының айқын көрінісіне айналды.

Айта кетейік, бүгін Алматыда еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күні кеңінен аталып өтіп жатыр. Мереке қарсаңында салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, қала әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шаһар тұрғындарына қоғам, мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау және экономика салаларындағы елеулі еңбектері үшін мемлекеттік наградалар табыстады. Қала бойынша түрлі концерттер, көрмелер мен спорттық шаралар ұйымдастырылып, әрбір жанның жүрегінде бір ғана сезім маздады. Ол тәуелсіз елімізге деген шексіз сүйіспеншілік!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Республика күні #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);