ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді

Алматыда қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді

Өмір-өзен 31.08.2022, 07:42 1,539
Алматыда қысқаметражды фильмдер фестивалі өтеді
Сурет: Еgemen.kz
Ұсынылған 306 киножобаның ішінен 48 жоба іріктелді.

Ұсынылған 306 киножобаның ішінен 48 жоба іріктелді.


7-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласында 7th BAIQONYR International Short Film Festival өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Baiqonyr - Қазақстанның шығармашыл жастарын халықаралық деңгейде ілгерілетуге тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан еліміздегі алғашқы қысқаметражды халықаралық кинофестиваль.


Алты жыл ішінде Baiqonyr-ға 11 мыңнан астам көрермен келді, олар 240-тан астам фильмді тамашалады. Іріктеу комиссиясы 1168 өтінімді қарады, ал фестивальдің қазылар алқасы 62 лауреатты марапаттады. Фестивальде жеті жыл бойы отандық кинематографтың жаңа есімдері анықталып келеді.



Биыл фестиваль осы жылдың көптен күткен фильмдерінің бірі - аты аңызға айналған «ДОС-МҰҚАСАН» ансамблінің құрылу тарихын баяндайтын «Дос-Мұқасан» (режиссер Айдын Сахаман, «Aray Media Group» шығарған) фильмінің премьерасымен ашылады. Ал фестивальдің жабылуында Дарежан Өмірбаевтың «СОҢҒЫ СЕАНС» атты картинасы көрсетіледі, оның әлемдік премьерасы жақында ғана швейцарияның Локарно қаласында өткен беделді кинофестивальде көрсетілді.



Алдағы фестивальдің бағдарламасы үш конкурстан тұрады – ұлттық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер), халықаралық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер) және анимациялық.



«Ұсынылған 306 киножобаның ішінен кинотанушылар Ержан Жұмабеков, Еңлік Егеубаева, Ақерке Қамашбек, режиссер Райымбек Әлжанов және режиссер-аниматор Иван Ардашовтан тұратын біздің бағдарламалық қызмет фестивальге қатысу үшін 48 жобаны іріктеп алды. Сондай-ақ биыл фестивальге Қырғызстаннан келген «Экспедиция» қозғалысы қатысады. Бұл қазіргі замандастары, қарапайым адамдар, олардың проблемалары мен армандары туралы қысқа метражды фильмдер түсіретін әртүрлі режиссерлер тобы. Қозғалысқа 50-ге жуық жас режиссер қатысады», - дейді кинофестиваль президенті Әнуар Кенжебаев.



Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz). Фестивальдің негізгі алаңы – «Арман» киноорталығы.


Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.



Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.