AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қысқа дайындық пысықталды

Алматыда қысқа дайындық пысықталды

Әлеумет 30.10.2024, 10:36 1,420 Bakyt
Алматыда қысқа дайындық пысықталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қысқа дайындық: автопаркті жаңарту, арнайы техника сатып алу жүріп жатыр

Алматыда қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 918 бірлік техника дайындалған, ал жолдар мен тротуарларды тазалауға 1 400 жол жұмысшысы тартылуы мүмкін. Бұл туралы мегаполистің коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 2,7 мың км асатын 2 318 көшеде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Күндізгі кезеңде көшелерді тазалауға күн сайын шамамен 600 техника бірлігі және 800 жол жұмысшысы жұмылдырылса, түнгі ауысымда 220 техника бірлігі және 250 жол жұмысшысы тартылады.

Он мердігер ұйым қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын аяқтады: өндірістік базалар, арнайы техника, жүргізушілер мен жол жұмысшыларына арналған демалыс бөлмелері дайындалған, көктайғаққа қарсы және жанар-жағармай материалдары, қосалқы бөлшектер, қажетті құралдар, қысқы арнайы киімдер сатып алынған. Сонымен қатар, қысқы жабдықтар жиынтығы орнатылып, маусымдық техникалар қайта жарақтандырылған, қар үйінділерінің орналасу орындары келісілген.

Көктайғаққа қарсы материалдар да дайындалды.

Жұмыстардың сапасы мен жеделдігін арттыру үшін және «Алматы Тазалық» МКК автопаркін жаңарту мақсатында 22 мамандандырылған техника сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 10 бірлік техника сатып алу жоспарланған.

Қалың қар жауған жағдайда қаланың құрылыс ұйымдары қосымша 150-ге дейін самосвалдар мен тиегіштерді, сондай-ақ 1 000-ға дейін жұмысшыны қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);