AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты...

Алматыда құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты басталды

Спорт 22.07.2022, 08:56 1,960
Алматыда құзға өрмелеуден Орталық Азия чемпионаты басталды
Сурет: Kp.ru

Қазақстандық спортшылардың басым бөлігі сәтті өнер көрсетті.


Алматыда тұңғыш рет құзға өрмелеуден жастар арасында Орталық Азия чемпионатының ашылуы өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен барлығы 100-ден астам спортшы қатысып, бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Жарыстың алғашқы күні қатысушылар 4 топқа бөлініп, құзға өрмелеудің 2 түрінен, яғни «Жылдамдық» пен «Қиындық» бойынша сайысқа түсті. Қазақстандық спортшылардың басым бөлігі сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Нәтижесінде жүлделі орындардың үшеуі де алматылықтарға бұйырып, 14 жастағы Дамир Тоқтаров жарыс жеңімпазы атанды.



«Мен болашақта Олимпиада чемпионы болғым келеді. Қазақстанның көк Туын әлемге көрсетіп, Әнұранын шырқатамын деген мақсатым бар», – деді жарыс жеңімпазы Дамир Тоқтаров.



Ұйымдастырушылар бүгінде құзға өрмелеудің елімізде дамып келе жатқанын айтады. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте аталмыш спортпен әуестенетіндер көп. Соның арқасында қазір Орта Азияда фаворитпіз дейді жаттықтырушылар.



«Мына Азия және халықаралық федерациялар бізге жарыс өткізіңдер деп өтінеді. Бұрын ондай жағдай болмаған. Енді бүгіннен бастап жағдай бар, спорттық қабырғамыз бар. Енді спортшыларымыз үлкен жеңістерге жетеді деп ойлаймыз», – деді құзға өрмелеуден Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Егізбаев.



Айта кетейік, Орталық Азия чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады. Ал жүлделі орындарға ие болған спортшылар тамыз айында АҚШ-та өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кұз #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);