AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейді

Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейді

Барлығы 22.10.2025, 16:03 556 dulatbekova
Алматыда құрылыс саласына бақылау күшейді
Алматы әкімдігі

Алматыда құрылыс сапасын арттыру және тұрғындардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыс күшейіп жатыр.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, әкімдіктің басты міндеті – құрылыс саласында тәртіп орнату және заң бұзушылықтарға жол бермеу. Әсіресе үлестік қатысу арқылы тұрғын үй салу бағыты ерекше бақылауда.

«Біз құрылыс компанияларының жұмысын тұрақты түрде тексереміз. Құрылыстың сапасы, мерзімі және келісімшарт талаптарының орындалуы қатаң бақыланады. Егер заң бұзылса, ескерту жасаймыз, айыппұл саламыз немесе қажет болса, жұмысты тоқтатамыз», – деді қала әкімінің орынбасары.

Жоба басталар алдында барлық рұқсат құжаттары мен қаржылық кепілдіктер тексеріледі. Бұл болашақ үлескерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қала әкімдігі тұрғындарға сенімді құрылыс компанияларын таңдауға көмектесу үшін ашық ақпараттық тізім жүргізеді және оны үнемі жаңартып отырады.

Мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін құрылысшылардың да жауапкершілігі күшейтілді.

«Кейбір мердігерлер өз міндеттерін дұрыс орындамайды. Соның кесірінен мектептер мен балабақшалардың құрылысы кешігеді. Біз мұндай жағдайларға жол бермейміз», – деді спикер.

Биыл екі компания – «СК 7 Строй» ЖШС және «AsiaMax» ЖШС лицензиясынан айырылды. «СК MEGARON» ЖШС бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ «Құрылысшы-ТБС» ЖШС лицензиясының бір бөлігі тоқтатылып, «Алатау сапа құрылыс» ЖШС техникалық қадағалау құқығынан айырылды.

Бейбіт Шаханов атап өткендей, мақсат – құрылыс саласында әділдік орнатып, қала тұрғындарының мүддесін қорғау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);