AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережелері: оның қ...

Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережелері: оның қала үшін маңызы қандай

Әлеумет 22.07.2021, 14:38 1,596
Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережелері: оның қала үшін маңызы қандай
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы тұрғындарын алаңдатып отырған барлық жағдай ескерілді.


Алматы қаласы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында бір ай бұрын қабылданған құрылыс жүргізудің жаңа Ережелерін еске салды. Ол жаңарған талаптардың артықшылығы және оның мегаполистің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алмасхан Ахмеджанов жаңа ережелердің қабылдануына "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарға енгізілген өзгерістердің ықпал еткенін айтты.


Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау әкім Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жасалды. Биылғы жылдың 17 ақпанында аталған құжаттың жобасы Алматының бас жоспарын түзету жобасы бойынша жұмыс тобының талқылауына ұсынылды. Жоба 25 наурызда НҚА порталында жарияланды. Талқылау барысында қала құрылысы қызметінің барлық қатысушыларының пікірі ескерілді. Оның үстіне, мегаполистің құрылысы бойынша базалық талаптар сақталды.



"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жасалған құжатқа қатысты жан-жақты жұмыс жүргізілді. Алматы тұрғындарын алаңдатып отырған барлық жағдай ескерілді. Сонымен қатар құрылыс компанияларының заңды мүдделері бар, олар қарастырылуы тиіс", - деді Алмасхан Ахмеджанов.



Мысалы, құрылыс салудың жаңа ережелерін қабылдағаннан кейін құрылыс салушылар жобалау алдындағы құжаттаманы алғанға дейін құрылыс жобаларына қоғамдық талқылау жүргізуге міндетті.


Эскиздік жобаны әзірлеу кезінде құрылыс салушы:


1) ерекше құрылыстық реттеу аймақтарында регламентті сақтау (мысалы, орталықта);


2) қабат санын қадағалау;


3) әлеуметтік инфрақұрылымның болуын есепке алу (медициналық мекемелер, балабақша мен мектептер, полиция пункттері);


4) халық тығыздығын есепке алу.


Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жаңа ережелер бойынша халықтың тығыздығы аспауы тиіс екенін айтты:


- Тарихи орталықта гектарына 300 адам,


- 440 қалған аумақтарда.



"Аула аймағын дамыту үшін бір адамға 10 шаршы метр аула нормасы енгізілгені маңызды, оның төрттен бір бөлігі жасыл желектерге бөлінеді. Неліктен қандай да бір нысан Ережеге сәйкес келмейді деген сұрақтарға келетін болсақ, Ережелердің барлық талаптары тек жаңа құрылысқа ғана қолданылатынын еске саламын, өйткені заңның кері күші жоқ", – деді Алматының бас сәулетшісі.



Мемлекет басшысының мегаполисті дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ережелерде Алматының қайталанбас сәулеттік келбетін сақтауға және әрбір қала тұрғынына жасыл желектердің санына ерекше орын берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);