AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конф...

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Алматы 25.05.2026, 10:35 278 yakiya
Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті
А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада "Жастар және Конституция: құқықтық мәдениет қалыптастыру" атты конференция өтті.

Басқосуға қоғам белсенділері, сарапшылар, оқытушылар мен алматылық студент-жастар қатысып, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және жастар тәрбиесі төңірегінде ой бөлісті.

Конференцияның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, Конституцияның маңызын түсіндіру және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Алғашқы болып сөз алған тәуелсіз сарапшы, заң кеңесшісі, Қазақстан халық партиясы мүшесі Эльмира Түгелбайқызы жастар арасындағы әлеуметтік желідегі құқықбұзушылықтар мәселесіне тоқталды. Ол қазіргі цифрлық кеңістіктегі құқықтық мәдениеттің жай-күйін сөз етіп, интернетте жүктелген немесе таратылған кез келген ақпарат үшін азамат заң алдында жауапты екенін атап өтті. Спикердің айтуынша, "мен оны байқамай жариялап жібердім" деген сылтау ешкімді жауапкершіліктен босатпайды.

Келесі кезекте сөз алған AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Махамбет Қайыпназарұлы жастарды кітапханаға жиі келуге шақырып, анасының өмір бойы осы кітапханада еңбек еткенін тебіреніспен еске алды. Ол адам бойындағы алғашқы тәрбие мен құқықтық түсінік отбасынан басталатынын айтып, әр азамат өз құқығын білуі қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар біреуге жамандық жасамау ғана емес, ондай ойдың өзінен аулақ болудың маңызын тілге тиек етті. Өз сөзінде жаңа Конституциялық өзгерістер мен мемлекеттік реформалар туралы да айтып, студенттерге Конституцияны тереңірек оқып-танысуға кеңес берді.

Ал философия ғылымдарының кандидаты, "Тұран" университетінің доценті Гүлнар Абрахматова әр мекемедегі ішкі құқықтық тәртіп пен жауапкершілік мәселесіне кеңінен тоқталды. Ұстаздық тәжірибесінде студенттердің жиі байқамай жіберетін қателіктері туралы мысалдар келтіріп, құқықтық мәдениет күнделікті тәртіп пен саналы әрекеттен басталатынын атап өтті.

Конференция барысында саясаттанушы, оқытушы Нұрғиса Жылқыбайұлы еркіндік ұғымына ерекше тоқталды. «Біз еркіндік көп насихатталатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Қай жерде болмасын "сен еркінсің" деген ұғым айтылады. Бірақ сол еркіндіктің шекарасы кей тұста жойылып барады. Еркіндіктің мәнін дұрыс түсінбегендіктен, құндылықтар шайқалып, соның салдарынан көптеген құқықбұзушылықтар орын алуда", – деді ол өз сөзінде.

Ал Жетісу ауданы комьюнити орталығының басшысы Айбек Берікболұлы цифрлық құқықбұзушылық мәселесіне тоқталып, интернет кеңістігіндегі әр азаматтың өз құқығы мен міндетін білуінің маңызына тоқталды.

Кездесу барысында студенттер де белсенділік танытып, көкейіндегі сұрағын қойып, спикерлермен еркін пікір алмасты. Осындай мазмұнды басқосулар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін нығайтып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруда маңызды рөл атқарары сөзсіз.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);