ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасына қатыст...

Алматыда құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандармен кездесті

Әлеумет 03.02.2022, 08:45 1,644
Алматыда құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандармен кездесті
Сурет: Polisia.kz
Мекеме басшылығы құқық қорғаушылардың нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауда.

Мекеме басшылығы құқық қорғаушылардың нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауда.


Құқық қорғаушылар қаңтар оқиғасына қатысты қамалғандармен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты тергеу изоляторына жеткізілгендер саны күрт өскені белгілі. Осыған орай аталған мекемеге құқық қорғаушылардың келіп, күдіктілерден жауап алуы және адам құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйым өкілдерінің күдіктілерді ұстау жағдайын қадағалауы жиіледі. Осыған орай ҚАЖ департаменті мен мекеме басшылығы құқық қорғаушылардың нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауда.




Атап айтқанда, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/18 мекемесіне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова, «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова келіп, ұсталғандармен жан-жақты әңгіме өткізді. Тергеу изоляторына жеткізілгендердің арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің болуына орай Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның нұсқауымен жасөспірімнің жағдайын білуге құрамында Қазақстанның азаптауға қарсы Үкіметтік емес ұйымдар коалициясының үйлестірушісі, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Азаптаудың алдын алу ҰАТ үйлестіру кеңесінің мүшесі Роза Ақылбекова, ҰАТ мүшесі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Гүлжан Теипқызы және «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының» төрағасы, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы азаптауға қарсы ҰАТ Үйлестіру кеңесінің мүшесі Зульфия Байсақова бар сарапшылар тобы келіп, тергеу қамауындағы жасөспірімді ұстау жағдайымен танысты.



Сондай-ақ, ЛА-155/18 мекемесіндегі тергеу қамауындағылардың жағдайы қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерінің де жіті назарында. Мекемеге Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрайымы Ардақ Жанәбілова келіп, тұтқындармен бетпе-бет әңгімелесті. Құқық қорғаушылар тергеу изоляторының медицина-санитарлық бөлімінде ем алып жатқан жаралы күдіктілермен де кездесті.


Бүгінде қаңтардағы қақтығыс кезінде қамауға алынғандарға көмектесу мақсатында құрылған «Аманат» қорының өкілдері мен құрамында белгілі құқық қорғаушылар, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша маманданған заңгерлер бар тәуелсіз комиссия мүшелері тергеу изоляторына қамалған күдіктілерге жан-жақты құқықтық көмек көрсетуде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.