Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Құлжа тас жолының реконструкциясы: Қозғал...

Алматыда Құлжа тас жолының реконструкциясы: Қозғалыс жолағының саны азаймайды

Әлеумет 29.05.2024, 10:49 1,006
Алматыда Құлжа тас жолының реконструкциясы: Қозғалыс жолағының саны азаймайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Құлжа тас жолын реконструкциялау жұмыстары басталды. Реконструкциялау барысында Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі учаске кеңейтіліп, жолдың өткізу қабілеті екі есеге арттырылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жоспарланған жұмыс

Жолдың жалпы ұзындығы 2,3 км құрайтын бұл учаскесінде реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Жолды 4 жолағы бардан 6 жолағы барға дейін кеңейту жоспарланған, әр бағытта 3 жолақ салынады. Бұл шара аумақтың өткізу қабілетін тәулігіне 40 мың автокөліктен 80 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, жол жиегіне тосқауыл қоршаулар, жарықтандыру және су бұру жүйелері орнатылады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейін тротуарлар жабдықталады.

Жұмыс қалай жүргізіледі

Жолды қайта жаңарту жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде жолдың батыс жағы, екінші кезеңде орталық бөлігі, ал үшінші кезеңде шығыс жағы жөнделеді. Әрбір кезеңде екі бағытта да қозғалыс шектелмейді, бұл көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Реконструкция қашан аяқталады

Реконструкция жұмысындағы әрбір учаскенің ұзақтығы шамамен бір айға созылады. Жолдың толық ені бойынша таңбалау және белгілер орнату арқылы қозғалысты осы жылдың 25 тамызына дейін ашу жоспарланған.

Жұмыстың аралық қорытындылары мен қосымша ақпараттарды жол инфрақұрылымына арналған @AlmatyJoly Telegram арнасында және Almaty.kz сайтында жарияланатын болады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Құлжа тас жолы #реконструкция #жол кеңейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.