ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшіле...

Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері соғыс ардагерлерімен кездесті

Алматы 26.01.2025, 17:11 664
Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері соғыс ардагерлерімен кездесті
Сурет: Қорғаныс министрлігі
ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған бір топ офицер майдангерлердің үйіне барды.

ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған бір топ офицер майдангерлердің үйіне барды.

Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповпен кездесуде әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Осыдан бірнеше күн бұрын Анатолий Назарович 99 жасқа толған туған күнін атап өткен болатын. Алматы облысының Қаскелең қаласында туған Анатолий Назарович әскери байланысшы мамандығын алып, 1943 жылдан бастап Балтық майданында соғысты.

Бүгінде майдангердің кеудесінде II дәрежелі Отан соғысы ордені мен "Риганы азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдары және көптеген мерейтойлық наградалар жарқырайды.

– Сіздің буынның үлесіне тым қатал сынақ түсті. Бірақ сіздер жауды жеңіп, жеңімпаз атандыңыздар. Сіздің ерлігіңіз бен табандылығыңыздың арқасында жер бетінде бейбітшілік орнады, – деді полковник Т. Басқожаев.

Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Тамара Максимованы да құттықтап барды.

Тамара Александровна Максимова алдағы 23 сәуірде 101 жасқа толады. Соғыс кезінде ол Волоколамск тас жолындағы госпитальде жұмыс істеді. Алдымен тіркеуде, кейін медбике болды. Ол ауыр жараланған жауынгерлерге қамқорлық жасап, өз бетімен хат жаза алмайтын қызыл әскерлерге көмектесті. Осы госпитальде 2007 жылға дейін бақытты ғұмыр кешкен болашақ жары Константинмен кездесті.

Тамара Александровна 1943 жылы ауыр жарақат салдарынан денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылды. Соғыстан соң 10-сыныпты жеделдетілген бағдарламамен бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түсті. Ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді.

Тамара Александровна II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.

Әскери ведомство өкілдері соғыс ардагерлеріне өміршеңдігі үшін алғыс айтып, оларға ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.