AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қоқыс тастайтын заңсыз орындар жойылып жа...

Алматыда қоқыс тастайтын заңсыз орындар жойылып жатыр

Барлығы 27.01.2026, 10:51 692
Алматыда қоқыс тастайтын заңсыз орындар жойылып жатыр
Сурет: Polisia.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Экология департаментінің былтырғы жұмысын қорытындылаған баспасөз конференциясы өтті. Онда Департамент басшысы Дінмұхамед Лесбеков рұқсатсыз қоқыс үйінділерін анықтау мен жою бойынша қолға алынған жұмыстарын баяндап берді.

Оның айтуынша, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының геосервисін пайдаланып, ғарыштан бақылау жүргізгенде былтыр қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдығын заңсыз төккен 10 жер анықталған. Медеу, Түрксіб пен Алатау ауданында орналасқан олардың барлығы жергілікті атқарушы органдардың күшімен түгел жойылыпты.

«Осындай орындарды анықтап қана қоймай, оларды жойып, қалдықтың қайта жиналуына жол бермеу міндетіміз», - дейді Дінмұхамед Лесбеков.

Алматының аумағында коммуналдық қатты қалдықтарды қабылдайтын полигондар жоқ болғанымен, қалада қоқыс шығару жағы ешқашан кідірген емес. Қазір 20 ұйым осымен айналысады, олар қаланы 100 пайыз қамтып, қалдық атаулыны Алматы облысындағы полигондар мен сұрыптау кешендеріне уақытылы жеткізіп отырады. 2025 жылы 536 мың тоннадан астам осындай коммуналдық қатты қалдық жиналып, шығарылған.

Экология департаменті есептік кезеңде 125 бақылау жұмысын өткізді, оның ішінде нысандарға барып та, бармай-ақ та жүргізілген профилактикалық тексерулер бар. Соның арқасында экологиялық заңнаманы бұзған 109 жағдай анықталып, оларды жою жөнінде 36 нұсқама берілген. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша 53 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, 41 әкімшілік жаза қолданылып, жалпы сомасы 8,5 млн теңге айыппұл салыныпты. Айыппұлды өндірудің деңгейі 99,3 пайызға жеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #Қоқыс орындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);