Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қоқыс алаңдарында бұзушыларды бақылау үші...

Алматыда қоқыс алаңдарында бұзушыларды бақылау үшін видеобақылау камералары орнатылады

Әлеумет 21.11.2024, 18:45 783
Алматыда қоқыс алаңдарында бұзушыларды бақылау үшін видеобақылау камералары орнатылады
Алматы қаласы әкімдігі
Қалада 800 қоқыс алаңы жаңартылады.

Қалада 800 қоқыс алаңы жаңартылады.

Алматыда қоқыс алаңдарында ережелердің сақталуын бақылау және бұзушыларды анықтау үшін видеобақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда келесі жылы 800 қоқыс алаңы жаңартылады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында және Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде хабарлады.

«Келесі жылы қоқыс алаңдарын жаңғырту жоспарлануда. Біз оларды ретке келтіреміз. Жұма күнінен бастап демалыс күндері жағдай күрделене түсетінін және алаңдар қоқысқа толып жатқанын білемін», - деді Ерболат Досаев халықпен кездесу кезінде. 

Барлығы 800 қоқыс алаңын жаңарту жоспарлануда. Ерболат Досаев қала тұрғындарына үлкен көлемдегі қоқыстарды тастамау керектігін ескертті. 

«Біз бұл үшін қатаң жаза болатынын жаңа ережелерде бекіттік. Сондай-ақ, қоқыс алаңдарына камералар орнатамыз. Бұл бізге құқық бұзушыларды тез анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз алғашқы 400 камераны іске қосамыз», - деді әкім.

Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізуі немесе қоқысты ақы төлеу арқылы мамандандырылған ұйымдарға жүгінуі не оны өздері Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарында орналасқан полигондарға жеткізулері тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.