Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «қолының сұғанағы бар» қос ұры қолға түст...

Алматыда «қолының сұғанағы бар» қос ұры қолға түсті

Әлеумет 02.03.2023, 11:40 959
Алматыда «қолының сұғанағы бар» қос ұры қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Алматылық полицейлер кеңселерден 21 ұрлық жасады деген күдікпен екі азаматты ұстады.


Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, екі ер адам – 26 жастағы С. есімді азамат және 27 жастағы Ы. есімді азамат бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер негізінен тамақтандыру орындарында, сұлулық салондарында, медициналық орталықта және спорт залдарында ұрлық жасап жүрген. Бір сөзбен айтқанда, адам көп болатын жерде: тыныш қана ұрлықты жасап, адамдар арасында адасып кетуге болады. Соңғы жағдайда спорт стадионына келген адам киім ауыстыратын бөлмеде 80 мың теңгесін ұрлатып алған. Тағы бірінде караоке-бардың клиенті ұялы телефонын жоғалтып алған. Қаскөйлерден келген шығынды бойжеткен 370 мың теңгеге бағалаған. Күдіктілер Алатау ауданындағы жеке сектордан да ұрлық жасаған: еркін кіру арқылы материалдық құндылықтары бар дүниелерді ұрлаған», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Одан әрі жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша басқа да мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полицейлер #сұғанақтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.