AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қоғамдық көлікті жүргізу санаты жоқ автоб...

Алматыда қоғамдық көлікті жүргізу санаты жоқ автобус жүргізушілері анықталды

Заң мен тəртіп 09.08.2022, 04:43 1,630
Алматыда қоғамдық көлікті жүргізу санаты жоқ автобус жүргізушілері анықталды
Сурет: Inform.kz

Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған автобус жүргізушілері анықталды.


“Қауіпсіз жол” профилактикалық айлығы қорытындыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Оның нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік полициясы жолаушылар тасымалымен айналысуға құқығы жоқ тағы екі қоғамдық көлік жүргізушісінің ұсталғанын хабарлады.



«Бұл құқықбұзушыларды Түрксіб және Жетісу аудандық полиция басқармалары әкімшілік тәжірибе бөлімшелерінің қызметкерлері анықтап, жолаушылар тасымалынан шығарды. Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші куәліктерінде қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат беретін санат болмаған. Бұл әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақылаусыздық, іс жүзінде немқұрайлылық танытқан жүргізушілердің де, автокәсіпорын басшыларының да кінәсі деп бағаланады. Тәртіп бұзушыларға шара қолданылды», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.



Сондай-ақ, ол іс-шара жүргізілген күндерде жолдарды, сонымен қатар жол құрылыстарындағы кемшіліктерді жою туралы 55 ұйғарым шығарылғанын хабарлады. Жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін бес лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы, ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы мен ҚР ӘҚБтК-нің 632-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, апаттық жағдай аймақтарында 233 жол белгісі орнатылғаны хабарланды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автобус жүргізушілері #Қауіпсіз жол #профилактикалық айлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);