AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде режимін бақы...

Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде режимін бақылау күшейтілді: қалалықтарды шараларды сақтауға шақырады

Әлеумет 28.07.2021, 15:47 1,861
Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде режимін бақылау күшейтілді: қалалықтарды шараларды сақтауға шақырады
Сурет: Almaty-akshamy

Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.


Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында тегін вакцина арқылы азаматтар арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру аяқталғанға дейін карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жұқтырудың ықтимал орындарының арасында (сауда нысандары мен базарлармен қатар) қоғамдық көлікте қатынау 16%-ды көрсетті. Осы сегментте арнайы мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.


Бүгін қаланың барлық аудандарында сағат 07.00-ден бастап Алматы қаласының мониторингтік топтарының өкілдері қоғамдық көлік пен автобус аялдамаларын тексеруде. Тексерушілер жолаушыларды және автобус пен троллейбус жүргізушілері бетперде тағып жүргендерін қадағалайды, қала тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.



Тексерушілердің айтуынша, Алматы аумағы арқылы жүретін 100-ден астам автобусқа мониторинг жүргізілді. Мониторинг топтары карантин талаптары бұзылған бірқатар автобус маршруттарын атады. Олардың ішінде: 1, 98, 32, 123, 79 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5Б, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210 бағыттарындағы қоғамдық көліктер бар.



«Қалада коронавирус жұқтырғандар саны өсті. Үйде және қоғамдық көлікте жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан карантин кезінде жолаушылар бетперде режимін сақтауы керек», – деп түсіндірді тексерушілер.



Күннің бірінші жартысында 14 жеке тұлғаға қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Бетперде режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.


Алматыда COVID-19 жағдайы күрделі күйінде қалып отыр. Өткен тәулікте мегаполисте эпидемиологтардың мәліметтері бойынша КВИ жұқтырудың 1369 жағдайы тіркелген, карантиндік шектеулерді қатаң сақтау қажет. Бетперде тағу  басқаларға ауру жұқтыру қаупінен қорғайды әрі инфекцияның таралуын азайтады. Сондай-ақ еске салсақ, коронавирустық инфекциямен күресудің жалғыз әдісі - вакцина салу Алматыда 212 екпе пунктінің базасында тегін жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #Алматы #коронавирус #маска
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);