AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп /  Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шара...

 Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Заң мен тəртіп 05.12.2022, 05:34 1,017
 Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды
almaty-akshamy.kz

Жолаушылар көлігіндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, қоғамдық көліктермен және таксилермен жолаушыларды тасымалдау талаптарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Алматы қаласында 5-11 желтоқсан аралығында «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық полиция lепартаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




«Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлердің азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп жатыр. Қаладағы қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен балаларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, заңсыз қайта жабдықталған қоғамдық көліктерді, сондай-ақ техникалық жағдайы мен конструкциясы қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін қоғамдық көліктер мен такси көліктерін пайдалануға тыйым салу шаралары қабылданатын болады. Заңсыз келімсектер мен заңсыз тасымалдаушыларды анықтау мақсатында көші-қон полициясымен бірлесіп, транзиттік көліктерді тексеру қамтамасыз етіледі. Алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы бірнеше рет және жүйелі түрде құқықбұзушылық жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар мен көлік құралдарын анықтау мақсатында барлық тіркеу деректер базасында жүргізушілерді тексеру ұйымдастырылды», - деді, әкімшілік полиция департаментінде.




Полицияда көлікті мас күйінде басқару, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушінің басқаруы, сақтандыруы жоқ адамның көлік құралын басқаруы, қарама-қарсы жолаққа шығу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін өту ережелерін бұзу, маневр жасау ережелерін бұзу, апаттық жағдай жасау, ұялы телефонды пайдалану, көлік құралының тоқтау және тұраққа қою ережелерін бұзуы, жолаушыларды және габаритті емес жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, сондай-ақ, көлік құралының санатына сәйкес келмейтін габаритті емес жүктерді тасымалдау және т.б. деректерін анықтауға міндетті түрде баса назар аударылатынын түсіндірді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #қоғамдық #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);