ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қ...

Алматыда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шаралар өтеді?

Не? Қайда? Қашан? 03.06.2024, 17:25 718
Алматыда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шаралар өтеді?
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру, Әнұранды орындау, автошеру, тақырыптық көрмелер, мерекелік концерт және т. б....

Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай түрлі іс-шаралар, соның ішінде мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру, Әнұранды орындау, автошеру, тақырыптық көрмелер, мерекелік концерт және т. б. жоспарланған.

Сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында мемлекеттік Туды көтеру және Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

15:00-де Әлеуметтік қызметтер үйінде қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және жастардың қатысуымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбында конференция өтеді.

16:00-де  «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концерті өтеді. 

 

Қаланың барлық аудандарында мерекелік концерттер өтеді:

 

Әуезов ауданы:

Сағат  10:00-де – Әуезов ауданы әкімі аппаратының алдында (Алтынсарин  даңғ, 23) - ҚР мемлекеттік Әнұранды орындау және мемлекеттік Туды көтеру бойынша флешмоб.

10:00-де І ауысым, 15:00-ІІ ауысым «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубында «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:00-де – жалаушалармен безендірілген 12 машинамен автошеру. Автошеру бағыты им Н. Сац атындағы ТЮЗ-ден басталып, одан әрі  шеру Саин көшесімен Райымбек даңғылына дейін және кері қарай Саин көшесімен Жандосов көшесіне дейін жылжиды, 

17:00-де – «Рәміздер-ел мәртебесі» фотокөрмесі (Мамыр-1, 29/7).

 

Жетісу ауданы: 

12:00-де «Кемел» мәдениет үйінде «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел өтеді.

 

Алатау ауданы:

09:00-де – Алатау ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

10:00 –  де ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс Б.Момышұлы көшесі бойымен Б. Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысынан «Алматы Арена» мұз айдынына дейін.

 

Алмалы ауданы:

В 11:00 – ҚР Әнұранын салтанатты түрде орындау.

Күні бойы – Арбатта ( Панфилов көшесі, 101,103 үйлерінің балконына) және «Алматы»  қонақүйіне ҚР Туы ілінеді.

 

Бостандық ауданы:

11:00-де «Атакент» аумағында «4 маусым – Рәміздер күні» мерекесіне орай Әнұран салтанатты  түрде орындалады.

14:00-де Ұлттық кітапханада «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

 

Наурызбай  ауданы:

10:00-де Амфитеатрда 100 сарбаз, 30 курсант, ардагерлер, балабақшалар мен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының балалары, аудандық қызметтердің, басқармалардың және аудан әкімдігінің қызметкерлері Әнұранды орындайды. Сондай-ақ, Инновациялық шығармашылық орталығының 45 домбырашысы Балбырауын, Ерке сылқым күйлерін  домбырада тартады.

10:00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында амфитеатрда «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында көрме өтеді.

11:00-де Абай - Саин - Шаляпин - Әшімов - Жандосов - Карьерная  көшелерінің бойымен автошеру өтеді.

 

Түрксіб ауданы:

11:00-де №6 оқушылар үйінің алдында «4 маусым – Рәміздер күні» мерекесіне орай ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.