AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық...

Алматыда «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты көрме ашылды

Мәдени Алматы 21.02.2025, 09:59 1,499
Алматыда «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» атты көрме ашылды
Cурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай, «Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Бұл маңызды мәдени іс-шара көрерменді көрнекті суретшілердің графикалық туындылары арқылы қазақ эпосы әлеміне терең бойлауға шақырады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Көрме Қазақстанның ұлттық әдеби және көркемсурет мұрасының маңызын көрсетуге, суретшілердің жаңа буынын тәрбиелеуге және көпшілікті қазақ халқының мәдени құндылықтарымен таныстыруға бағытталған.

Көрмеде 90-ға жуық графикалық жұмыс пен ұлттық эпостың қазыналарын сақтайтын сирек басылымдар ұсынылды. Келушілер классикалық офорттан бастап, түпнұсқа графикаға дейінгі түрлі көркемдік техникамен жасалған батырлардың, арулар мен даналардың және мифологиялық кейіпкерлердің бейнелерін тамашалады. Әр шығарма ұлттық аңыздардағы ерекше оқиғалар мен ондағы кейіпкерлердің образын ашып, суретшілерді әдеби туындыны терең түсінуге шабыттандырады.

Көрмедегі ерекше жұмыстардың қатарында «Қобыланды батыр»,«Қазақ халқының эпостық жырларына иллюстрациялар», «Алпамыс батыр», «Бозжігіт», «Айман-Шолпан» және т.б. жырларға арналған графикалық парақтар мен иллюстрациялар бар. Олар жұмыстарында кейіпкерлердің эмоциясын әсерлі жеткізіп, шығармаларға мерекелік көңіл-күймен қатар ұстамдылық пен мағыналылық мазмұн берген.

Жоғарыда аталған және өзге де көптеген графикалық туындылар ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқының мәдени коды мен рухани құндылықтары сақталған эпостарға жаңа көзқараспен қарауға ықпал етеді.

«Қазақстанның кітап графикасындағы ұлттық эпос» көрмесі келушілерге қазақстандық суретшілердің шеберлігін көрсетіп қана қоймай, ұлттық аңыздардағы ғашықтық, даналық, батырлық ұштасқан бай мәдени мұраны тамашалауға мүмкіндік береді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кітап графикасы #ұлттық эпос #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);