AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қазақстанның Халық әртісі Римма Кимнің ме...

Алматыда Қазақстанның Халық әртісі Римма Кимнің мерейтойлық концерті өтті

Алматы Бүгін 10:15 88 yakiya
Алматыда Қазақстанның Халық әртісі Римма Кимнің мерейтойлық концерті өтті

Almaty Theatre сахнасында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Римма Кимнің мерейтойлық концерті өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Римма Ивановна мерейтойын сүйікті көрермендерімен, сахнадағы әріптестерімен, көптеген шәкіртімен, сондай-ақ туған «Бидульги» ансамблінің және Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының өнерпаздарымен бірге атап өтті.

Осы кеште сахна төрінен республикалық корей театрының алғашқы бас балетмейстері, ТМД кеңістігіндегі корей сахналық би өнерінің негізін қалаушы Римма Ивановна Кимнің құрметіне арналған жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мерейтой иесіне арнайы құттықтау жолдады. Құттықтау хатын сахнада Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры Наталья Ли оқып берді. Қазақстан корейлері қауымдастығының атынан Римма Кимді қауымдастық төрағасының орынбасары Александра Цхай құттықтады. Сонымен қатар құттықтау сөз сөйлеу үшін Алматы корей ұлттық мәдени орталығының төрағасы Андрей Шин және Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырза сахнаға шақырылды.

Бұл кеш өнердің, тарихи жадының, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығының нағыз мерекесіне айналды. Көрермендерге жарқын әсер сыйлаған кеште архивтік материалдар көрсетіліп, «Бидульги» ансамблі, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының әртістері, «Намсон» халық ансамблі және Dance Excellent ансамблі өнер көрсетті.

Кештің ең толқынысты сәттері Римма Ивановнаның өзі өнер көрсетуі мен оның ісін лайықты жалғастырып келе жатқан немересі Виктория Когайдың сахнаға шығуы болды.

Римма Ивановна – Қазақстандағы корей хореографиялық өнерінің тарихындағы тұтас бір дәуір. Ол бүкіл ғұмырын мәдениетке қызмет етуге, дәстүрлерді сақтауға және корей би өнерін дамытуға арнаған тұлға. Көптеген ондаған жылдар бойы әйгілі «Бидульги» ансамблінің құрамында өнер көрсетіп, өзінің талантымен, шеберлігімен және өнерге деген адалдығымен көрермендерді тәнті етіп келеді. 1968 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Римма Ивановна Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол спектакльдер мен концерттік бағдарламаларға арналған 50-ден астам би қойып, 50-ден астам жетекші би партияларын орындады.

Оның еңбегі көптеген мемлекеттік және халықаралық марапаттармен бағаланған. Атап айтқанда, Ресейдің Екатерина Ұлы орденімен «Ғылым мен ағартушылыққа қызметі үшін», КСРО-ның «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Seoul Ballet Company ұйымының «Өнердегі еңбегі үшін» медалімен және КСРО-ның «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Римма Ивановна үшін ерекше мақтаныш болған оқиғалардың бірі – жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Парасат» орденін алуы болды.

Римма Кимнің мерейтойлық концерті Қазақстандағы корейлердің қоныстанғанына 90 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралардың жарқын бастауына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция бойынша 1 шілдеден бастап не өзгереді?

Бүгін 12:05

Алматыда өткен спартакиадаға денсаулық сақтау саласының 300-ден астам өкілі қатысты

Бүгін 11:29

Алматы әлемдік академиялық қауымдастықты біріктірді

Бүгін 11:05

Алматының Әуезов ауданында шағын және орта бизнес нысандарынан шығатын шығарындыларды азайту мәселесі талқыланды

Бүгін 10:01

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасын құттықтады

Бүгін 09:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);