AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қазақстандағы тұңғыш құбырлы электр жылыт...

Алматыда Қазақстандағы тұңғыш құбырлы электр жылытқыштар өндірісін іске қосуға қаржы бөлінді

Барлығы 31.07.2025, 13:04 747
Алматыда Қазақстандағы тұңғыш құбырлы электр жылытқыштар өндірісін іске қосуға қаржы бөлінді
Алматы әкімдігі

«Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС «KELET Machine-Building Plant» ЖШС-не елімізде тұңғыш рет құбырлы электр жылытқыштар өндірісін іске қосу үшін 500 млн теңге көлемінде қаржы бөлді. Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% (ЖТСМ), несиелеу мерзімі - 5 жыл.

Компания өз қаржысы есебінен Жетісу ауданындағы өндірістік корпусты күрделі жөндеуден өткізіп, бизнес-жоспар әзірледі. Қарызға алынған қаражат өнімдердің бетін дайындап, ұнтақты бояу және кептіру жұмыстарына арналған итальяндық қондырғыны және бояу желісін сатып алуға жұмсалады.

Өндірісті жаңғырту «КЕЛЕТ» АҚ-ның еншілес кәсіпорнына Қазақстандағы ірі машина жасау зауыттарының біріне жылына 1 млн данаға дейін құбырлы электр жылытқыштарды жаппай шығаруға мүмкіндік береді. Жоба отандық өндіріс көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтып, энергия үнемдейтін жабдық түрлерін көбейтуге және экспорттық әлеуетті нығайтуға жол ашады.

Жаңа өндірістік желіні іске қосумен қатар, қолданыстағы бояу желісі де жаңғыртылады. Бұл жаңарту түстерді ауыстыру уақытын қысқартып, бояу шығынын азайтып, су жылытқыштар, калориферлер, электр конвекторлары мен газ қазандықтарын шығару қарқынын арттыруға септігін тигізеді.

«Жобаны іске асыру арқылы энергия үнемдейтін жабдықтар сегментіндегі отандық өнімнің үлесі артып, 20 тұрақты жұмыс орны ашылады және алдағы 5 жылда бюджетке 800 млн теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етеді», — деді «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Құсайынов.

Өндіріс келесі жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);