ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Қазақстан мен Қытай дәрігерлері инновация...

Алматыда Қазақстан мен Қытай дәрігерлері инновациялар мен травматологияда жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылады

Әлеумет 14.05.2024, 18:02 973
Алматыда Қазақстан мен Қытай дәрігерлері инновациялар мен травматологияда жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қытайдың Шыңжаң медициналық университетінің 6-ауруханасы мен Цзилинь университетінің 2-ауруханасының ортопед-травматолог-дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасында болды.

Қытайдың Шыңжаң медициналық университетінің 6-ауруханасы мен Цзилинь университетінің 2-ауруханасының ортопед-травматолог-дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасында болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
 
Екі ел арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында ортопедия саласында 10 маманнан тұратын Қытай делегациясы академиялық алмасу форматында панельдік сессиялар өткізді. Ғылыми талдау Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасы базасында өтті.

«470 төсек-орынға есептелген аурухана Травматология және ортопедия аймақтық орталығын дамытуға бет бұрды. Орталық құрамына травматологиялық көмектің толық циклі бойынша 11 мамандандырылған құрылымдық бөлімше кіреді. Жасанды интеллектің медицинаға енгізілуі үлкен буынды ауыстыруда робот көмегімен жасалатын отаны жасау арқылы үлкен серпіліс болды. №4 қалалық клиникалық аурухана бұл тәжірибені Қазақстанда бірінші болып қолданды», - деп атап өтті өз сөзінде №4 қалалық клиникалық аурухананың директоры Біржан Досмайылов.

Отандық травматология үшін сүйек ақауын қалпына келтіру үшін 3D форматында басып шығарылған титан қорытпасынан жасалған имплантты зерттеу және клиникалық қолдану өзекті болып табылады. Бұл Алматы мен Қытай травматологтары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытудағы негізгі мәселенің біріне айналды.

№4 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің базасында егде жастағы науқастарда жамбас сүйегін ауыстыру кезінде анестезияны басқару стратегиясы қарастырылды.

Диабеттік жараларды емдеу, сондай-ақ ахил сіңірінің жіті үзілуін хирургиялық емес физиотерапия және тері арқылы тігіс әдісімен емдеу тәжірибесі екі тарап үшін де қызықты болды. №4 қалалық клиникалық ауруханада бұл патологиямен ауыратын науқастар күрделі жарақат және сүйек-іріңді хирургия бөлімшелерінде емделеді.

№4 қалалық клиникалық аурухананың омыртқа нейрохирургиясы бойынша үлкен тәжірибесі бар. Біржақты бипортальды эндоскопиялық омыртқа хирургиясы (UBE) әдісін клиникалық қолдану мәселелері қытайлық әріптестердің тәжірибесін мысалға ала отырып қарастырылады.
Алматылық дәрігерлердің туа біткен жамбас буынының дисплазиясын хирургиялық емдеу саласында тәжірибемен бөлісуге тұрарлық еңбегі бар. №4 қалалық клиникалық аурухананың эндопротездеу және ортопедиялық хирургия бөлімшелерінің дәрігерлері мұндай оталарды сәтті жасап жатады.

Қытайдан келген дәрігерлердің сапары травматологиядағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Алматы мен Қытайдағы клиникалардың басшылығы академиялық және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында ұзақ мерзімді тұрақты қарым-қатынас орнатуға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.