AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай өтт...

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай өтті

Әлеумет 01.05.2023, 07:30 1,322
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні қалай өтті
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Концерт "ЖасStars" тобы мен ҚР Мемлекеттік Еңбек сіңірген "Салтанат" би ансамблі орындаған "Қазақстан - достық бесігі" вокалдық-би композициясымен ашылды, көрермендер үшін қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетті.



Өз композицияларын халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус орындады. Сахнада кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк және т.б. ұлттық билер орындалды.


Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағам фестивалі өтті: 15 мейрамхана қазақ, кәріс, грузин, орыс, ұйғыр және үндінің ұлттық тағамдарын ұсынды.


Мерекелік іс-шаралар Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде "Алматы Әуендері" әртістері мен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтардың және т.б. қатысуымен  өтті.



Мерекелік бағдарлама Абай алаңында сағат 18:00-де "Достық әні" концертімен жалғасады. Сахнада Айқын Төлепберген, Qanay, Әйгерім Қалаубаева, Артур Давлетьяров, Ayree және КeшYou тобы өнер көрсетеді. Мерекелік концерт сағат 22:00-ге дейін болады.


Айта кетейік, мерекелік концерттер қаланың барлық ауданында ұйымдастырылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мамыр #бірлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);