ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы ж...

Алматыда «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы жарияланды

Алматы 19.08.2025, 16:32 650
Алматыда «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы жарияланды
depositphotos.com
Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімі 2023 жылғы 23 қарашадағы  № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған...

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімі 2023 жылғы 23 қарашадағы  № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауын жариялайды.

Мақсаты: қазақ тілі оқытушыларының (мұғалімдерінің) кәсіби біліктіліктерін арттыру және әдістемелік шеберліктерін шыңдау; шығармашылық жұмыстарын бағалау, насихаттау.

Міндеті: қазақ тілі оқытушыларын (мұғалімдерін) ынталандыру, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау, оқытушылардың авторлық бағдарламаларын, оқу құралдары мен әдістемелік кешендерін т.б. ұсынуға, таратуға мүмкіндік беру, үздік жұмыстарды насихаттап, баспа бетінде жариялауға мүмкіндік тудыру.  

Қатысушылар: барлық деңгей бойынша (ересектер, ЖОО, арнайы орта білім беру ұйымдары, орта мектеп, бастауыш мектеп, балабақша) қазақ тілінің оқытушылары мен мұғалімдері. 

Талаптары мен шарттары: Байқауға қатысушылар 
👉 https://forms.gle/ZZS5t3CrirEHCsHC7 сілтеме арқылы Google форманы толтырып, өтінім қалдыруы тиіс.

Байқау үш бөлімнен тұрады. 

Бірінші бөлімде Оқытушы қазақ тілі пәнінен бір тақырыпты өз қалауынша таңдап, оны қызықты, креативті форматта (мысалы: қысқаша видео, reels, инфографика, анимация, сторителлинг, lifehack, mini-sketch т.б.) қысқа әрі нақты түрде түсіндіруі тиіс. Дайындалған материал TikTok, Instagram желісінде #ҚТҮОАлматы2025 хэштегімен жариялануы керек.

Екінші бөлімде оқытушы өзі құрастырған 

  • оқу құралы; 
  • оқу-әдістемелік құрал;
  • оқу-әдістемелік кешен;
  • оқу-әдістемелік нұсқаулық;
  • озық әдістемелер жинағы;
  • жаттығулар жинағы;
  • деңгейлік мәтіндер жинағы;
  • жұмыс дәптері;
  • тілашарлар;
  • тіл үйренуге арналған дидактикалық материалдар;
  • оқу сөздігі немесе т.б. ұсынады. Әр оқытушы бір өнім әзірлеп ұсынады.

Үшінші бөлімде оқытушыға педагогикалық ситуациялар, кейс-сұрақтар беріледі. Оқытушының мәселені шеше алу қабілеті, кәсіби құзыреттілігі бағаланады. Үшінші бөлім шешуші кезең қазан айында (кейін нақтыланады) онлайн ZOOM платформасында өтеді.

Қорытынды. Байқаудың қазылар алқасына жоғары кәсіби білікті педагог, әдіскер ғалымдар, тәжірибелі қазақ тілін оқытушы мамандар және т.б. енеді. Қазылар алқасы өткізілген материалдарды зерделеу және сараптау арқылы байқаудың қорытындысын шығарады. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

Марапаттау. Бірінші, екінші, үшінші жүлделі орын алғандарға тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады. Марапаттау рәсімі ұйымдастырушылар тарапынан бейнетаспаға және фотосуретке түсіріледі. Жеңімпаздар «Мемлекеттік тіл мәселелері» конференциясында марапатталады.

Байланыс телефондары: +7 7760300270, +7 7754651834 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.