ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық...

Алматыда Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық орталығы ашылды

Білім және ғылым 18.09.2024, 12:50 1,028
Алматыда Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық орталығы ашылды
almaty-akshamy.kz
Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық орталығы (KGRCC) ресми ашылды.

Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық орталығы (KGRCC) ресми ашылды.

Бұл шара Германия Федералды канцлері Олаф Шольцтың Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды. Орталық Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан-Неміс университетінің (ҚНУ) серіктестігінің негізінде құрылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ашылу рәсімінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, профессор Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев пен Қазақстан-Неміс университетінің президенті, профессор Вольрад Роммель құттықтау сөздерін сөйледі. Екі елдің басшылары жаңа Орталықтың Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейтіп, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыруға және ғылым мен технология саласындағы инновацияларды дамытуға стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Бұл орталық Академияның жаңартылған ғимаратында жүзеге асырылған алғашқы халықаралық жоба ретінде айрықша маңызға ие және Академия тарихындағы жаңа кезеңнің бастауын білдіреді.

Рәсімге Қазақстан мен Германияның ғылыми және білім беру салаларының жоғары дәрежелі өкілдері, соның ішінде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан-Неміс университетінің басшылығы қатысты. Сонымен қатар, Неміс зерттеу қоғамының (DFG) халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі доктор Йорг Шнайдер бастаған делегациямен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. DFG университеттер мен ғылыми-зерттеу мекемелеріндегі ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы ғылымның барлық салаларына қолдау көрсетіп, жас ғалымдарды қолдауға және ғылымдағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, бірлескен зерттеу жобаларын қаржыландыру және ғалымдар үшін желілік бастамаларды құру мәселелері талқыланды.

Іс-шараның қорытындысында Қазақ-Неміс ғылыми-зерттеу ынтымақтастық орталығын (KGRCC) құру туралы ресми келісімге қол қойылды. Бұл орталық Қазақстан мен Германия арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, ұзақ мерзімді халықаралық әріптестіктерді дамытуға, сондай-ақ озық зерттеу жобаларын жүзеге асыруға маңызды платформа болады деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.