Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған...

Алматыда «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған конференция өтті

Әлеумет 02.02.2023, 15:24 1,072
Алматыда «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған конференция өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Алаш арыстары және «Қазақ» газетінің  әр жылдардағы жарыққа шыққан басылымдарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» атты  республикалық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шараны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі  Ысқақов Қанат Жұмабайұлы құттықтау сөзбен ашып, ХХ  ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің айнасына айналған «Қазақ» газетінің тарихына тоқталып, сол сара жолды жалғастырушы буынға алғысын білдірді.


Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді; Қазақстан журналистер академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы Сағымбай Қозыбаев, журналист, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов, қоғам қайраткері, жазушы-публицист Марат Тоқашбаев,  «Қазақ» газетінің құрылтайшысы Махмұт Нәлібаев сөз сөйледі.


Сонымен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдан Момынова  «Қазақ» газеті - төте жазу, емле алғаш сыналған Алаш үні» тақырыбында, А.Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы Райхан Имаханбет «Қазақ» газеті – ұлттық болмыстың көшбасшысы» тақырыбында, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» тақырыбында, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова «Қазақ» газеті және ұлт зиялылары»  тақырыбында баяндама жасады.


«Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес «Қазақ газетінің 1913-1918 жылдардағы топтамасын араб әліпбиінен қазіргі жазу үлгісіне көшіріліп, жарық көрген кітаптармен таныстырды.


Шара аясында Қазақстан Республикасының Ұлтық кітапханасы қорынан Алаш арыстары жайлы және «Қазақ» газетінің  әр жылдардағы жарыққа шыққан басылымдарынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Іс-шара соңында Алаш арыстарының аманаты, ұлт айнасына айналған «Қазақ» газетінің дамуына зор үлес қосқан сала қызметкерлеріне ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министірлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары және «Қазақ газетіне 110 жыл» мерейтойлық төсбелгісі табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ газеті #110 жылдық #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.