AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі...

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Әлеумет 10.06.2026, 17:25 362
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Алматы қаласы мәслихатының сессиясында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне арналған қолданыстағы тарифтерге өзгеріс енгізу туралы шешім жобасы қаралды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың айтуынша, тарифті түзету қажеттілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты туындаған.

«Тарифтің өзгеруі қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін өсуіне ғана байланысты. Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерінің ақысын төлеуде жеңілдіктер қарастырылған», – деді Серік Әділбаев.

Оның айтуынша, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің ұлғаюын көздейтін салық заңнамасындағы өзгерістер күшіне енді. Бұл қалдықтарды басқару саласындағы қызметтердің өзіндік құнына әсер етті.

Тарифке енгізілген түзетулер тек ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты жасалды. Тарифтің қалған құрамдас бөліктері өзгеріссіз қалады. Соның нәтижесінде тариф шамамен 3,6 пайызға өседі.

Сонымен қатар, шешім жобасында азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметінің ақысынан толық босатылады.

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бала кезінен мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар балалар мен жетім балалардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне 50 пайыздық жеңілдік беріледі.

II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне 25 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Серік Әділбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер қалдықтарды басқару жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, заңнама талаптарын орындауға және қала тұрғындарының ең әлеуметтік осал санаттарына көрсетілетін қолдауды сақтауға бағытталған.

Аталған шешім жобасын Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрмыстық қалдықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);