AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда қатерлі ісік ауруын ерте анықтау артты

Алматыда қатерлі ісік ауруын ерте анықтау артты

Медицина 24.10.2023, 03:57 1,439
Алматыда қатерлі ісік ауруын ерте анықтау артты
almaty-akshamy.kz

Соңғы жылдары онкологиялық ауруды ерте анықтау көрсеткіші артып келеді, деп хабарлады Алматы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Избагамбетов.


2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 38,7%-ға өсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 6,7 пайызды құрады.


Сонымен қатар кейінгі (III-IV) кезеңде көрінетін локализацияда қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші төмендей түсті.
2023 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 6,6%-ды (2022 жылдың 9 айында - 6,3%) құрады.



Бұған мақсатты топты скринингтік тексерумен қамтудың арқасында қол жеткізілді, әрі бұл онкологиялық ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. 2023 жылдың 9 айында Алматыда қатерлі ісікті ерте анықтау бойынша скринингтік тексеру жалпы скринингтік жоспардың 88,8%-ын қамтыды.



Скринингтік тексерудің арқасында 207 қатерлі ісік ауруы, оның 194-і (93,7%) ерте сатысында анықталды.
Сондай-ақ 922 науқаста қатерлі ісіктің даму қаупін тудыратын ісік алды ауруы анықталды. Барлық науқас уақтылы мамандандырылған еммен қамтамасыз етілді.


Қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтау тиімді, тіпті толық емдеуге мүмкіндік беретінін есте ұстайық.



Қорытындылай келе, Нұрсұлтан Избагамбетов скринингтік тексеруден кім және қашан өтетінін тағы да еске салды: 40-70 жастағы әйелдер сүт безі обырына 2 жылда бір рет маммографиялық скрининг; 30-70 жастағы әйелдер 4 жылда бір рет ісік алды және жатыр мойны обырының цитологиялық скринингі; 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 2 жылда бір рет жасырын қанға тест көмегімен колоноскопия арқылы тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігі мен ісік алды ауруларына скрининг.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #медицина #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);