AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсі...

Алматыда қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Алматы 21.09.2026, 16:29 277
Алматыда қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Алматы қаласында «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған Public Talk өтті. Кездесу «Қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына арналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, азаматтардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ жастар арасында жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Public Talk жұмысына бейінді ұйымдардың өкілдері, сала мамандары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және жастар қатысты.

Кездесу барысында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан «Қаржылық сауаттылық – қауіпсіз және адал қоғам кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Спикер қаржылық сауаттылықтың азаматтардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, жеке қаражатты тиімді басқару, қаржылық шешімдер қабылдау кезінде жауапкершілік таныту және ықтимал алаяқтық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін атап өтті.

Сонымен қатар Алматы көпсалалы колледжінің психологы Гүлзат Өміртаевна Анарбаева «Буллингтің алдын алу: оған бой алдырмау жолдары мен психологиялық тұрақтылық» тақырыбында сөз сөйледі. Баяндама барысында буллингтің алдын алу тетіктері, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру және күрделі жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары талқыланды.

Іс-шара аясында қатысушылар қаржылық, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сарапшыларға сұрақтарын қойды. Ашық форматтағы диалог барысында күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы жауапкершілік пен өзара құрмет қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Public Talk форматы сарапшылар мен қоғам өкілдері арасында ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, өзекті мәселелер бойынша практикалық ақпарат пен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді алаңына айналуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);