Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қараусыз қалған мысықтарға тұрғын үйшікте...

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға тұрғын үйшіктер орнату бойынша әлеуметтік жоба жалғасуда

Әлеумет 04.08.2023, 07:51 1,278
Алматыда қараусыз қалған мысықтарға тұрғын үйшіктер орнату бойынша әлеуметтік жоба жалғасуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда қараусыз қалған мысықтарға арналған үйшіктер орнатылуда. Қаланың Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында қараусыз қалған жануарларға қолайлы жағдайлар жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Жоба «Animal Security» қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп «Жануарлармен жауапты қарым-қатынас туралы» Заңды іске асыру аясында демеушілік қаржы есебінен іске асырылуда.



Қараусыз қалған мысықтарға арналған баспана мысықтарды күтетін, тазалықты қамтамасыз ететін және дезинфекциялайтын тұрғындар арасында жауапты кураторлар болған кезде беріледі. Бүгінде Алматыда қоректендіргіштері бар 20 үйшік орнатылды, өндірісте тағы 50-ге жуығы бар. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден тазартылған, сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Орнатылған үйшіктердің одан әрі тазалығы мен сақталуын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қадағалауға міндеттенеді.



Қаланың әр ауданында жануарларға мониторингті ерікті негізде зообақылау ұйымдарының ішінен кураторлар жүзеге асыратын болады.  Жануарлар кураторларының үйлестірушісі «Animal Security» ҚҚ, оның басшысы – Наталья Сульжик. Үйшіктерді орнатуға келесі байланыстар арқылы қоғамдық ұйымдарға өтініш беруге болады:



  1. Медеу, Алатау және Жетісу ауданы: Наталья Сульжик


+7 (777) 666 25 52;



  1. Бостандық ауданы: Владимир Тепляков +7 (701) 432 36 47;

  2. Алмалы ауданы: Ирина Михайлова +7 (701) 711 83 81;

  3. Әуезов ауданы: Зинаида Савенкова-Кушманова +7 (707) 267 19 57;

  4. Наурызбай ауданы: Наталья Кравцова +7 (701) 750 09 84, Аля +7 (705) 180 70 19;

  5. Түрксіб ауданы: Виктория Ворструхина +7 (777) 040 89 39.


 Еске салсақ, Алматыда қараусыз қалған жануарларға арналған үйшіктер орнату бойынша пилоттық жоба алғаш рет ағымдағы жылдың наурыз айында басталған болатын. Жоба қала тұрғындары арасында көптеген оң пікірлер тудырды. Бүгінде жануарларды қорғау қорларына 500-ден астам өтінім келіп түсті. Қоғамдық зообақылау ұйымдарының жоспарларындағы келесі кезең қараусыз қалған  иттерге арналған питомниктерді орнату жобасы болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мысық #жабайы жануар #Үйшік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.