Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Алматыда қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Әлеумет 17.12.2023, 12:22 1,052
Алматыда қар тазалау жұмыстары жалғасуда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

16-17 желтоқсанда Алматыда 9 см-ге жететін қар жауып, оны жаппай тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жолға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қарды жолдың жиегіне қарай тырмалап үйіп, оны жаппай шығару жұмысы жүргізілуде.


Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 6300 м3 қар шығарылды.



Қар шығару бойынша негізгі жұмыстар түнгі кезеңге жоспарланған. Өйткені сол кезде жол қозғалысы бәсеңдеп, жол жиегіне тұрақтаған көлік саны біршама азаяды.


Тротуарларды, көпшілік орындарды, аялдамалары тазалауға ерекше көңіл бөлінуде. 185 бірлік шағын көлемді арнайы техниканының көмегімен тротуарда механикаландырылған жинау жүргізілуде.



Сонымен қатар, техниканың өтуі мүмкін емес тротуарларда (баспалдақтар, пандустар және т.б.), сондай-ақ қоғамдық аялдамаларды 425 жұмысшы қар мен мұздан қолмен тазалап жатыр. Барлығы 344 бірлік арнайы техника мен 840 жол жұмысшысы жұмылдырылды.


Аудан әкімдіктерінде қар жинау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.


Ауа температурасы бүгін 0 градустан -2 градус, түнде -4...-6. Ертең 18 желтоқсан 0...-2 болады деп күтілуде. Ал 20 желтоқсанға дейін жауын-шашын болмайды..



Қалалық шаруашылық жұмысындағы проблемалар туралы тәулік бойы Open Алматы 1308 телефоны арқылы хабарлауға немесе +7 706 689 8898 What's App нөміріне шағым жазуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.