AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қар көшкінін болдырмау үшін жаңа технолог...

Алматыда қар көшкінін болдырмау үшін жаңа технология сыналды

Әлеумет 05.01.2025, 15:43 943 Bakyt
Алматыда қар көшкінін болдырмау үшін жаңа технология сыналды
Фото: ТЖМ

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов Алматыға жұмыс сапары барысында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы филиалында болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министр мекеменің қызметімен танысып, бірқатар нысандарды, соның ішінде орталық диспетчерлік пунктті, автомобильдер мен арнайы техникалардың жағдайын тексерді. Сапар аясында Шыңғыс Әрінов «Қазселденқорғау» қызметкерлерімен бірге көшкін жағдайына мониторинг жүргізіп, аэровизуалды барлау ұйымдастырды. Бұл шара барысында қар көшкіндерінің алдын алу үшін орнатылған жаңа жабдыққа ерекше назар аударылды.

Министрге «DaisyBell» мобильді қар көшкініне қарсы жүйесі таныстырылып, сынақтан өтті. Бұл қондырғы тікұшаққа кабель арқылы бекітілген металл конус болып табылады. Оның жұмыс принципі – конустағы азот-сутегі қоспасын қашықтан жару арқылы қар көшкінінің тиімді түсуін қамтамасыз ету. Аталған жүйе Еуропа елдерінде, соның ішінде Ресейде кеңінен қолданылып келеді және жергілікті климаттық жағдайларда оның тиімділігін бағалау үшін Қазақстанда сынақтан өтуде.

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы арқылы жүргізілген барлау кезінде «DaisyBell» жүйесі Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің көшкін қаупі бар аймақтарында қар көшкіндерін алдын алу шараларында қолданылды. Шыңғыс Әрінов жаңа технологияларды қар көшкінінің алдын алу жұмыстарында белсенді қолдану қажеттігін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.

Қазақстанда қар көшкіні – адамдардың өміріне қауіп төндіретін ең қауіпті табиғи құбылыстардың бірі. Елімізде көшкін қаупі бар 619 учаске бар, оның 165-і Алматы қаласында орналасқан. Жыл сайын «Қазселденқорғау» шамамен 150 профилактикалық қар көшкінін түсіруді жүзеге асырады. 2024-2025 жылдардағы қысқы маусымда 15 профилактикалық түсіру жүргізіліп, жалпы көлемі 6665 м³ қар шығарылған.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында таулы аймақтарда жоғары температура мен мол жауын-шашын болуы мүмкін, бұл қар көшкіндерінің қаупін арттырады. Осы жағдайды ескере отырып, көшкіндердің алдын алу жұмыстары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазгидромет #Алматы #тау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);