AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі...

Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр

Әлеумет 08.04.2026, 09:28 471
Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр
Алматы әкімдігі

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары аясында қаладағы сауда желілеріне құмшекер жеткізуді бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биыл наурыз және сәуір айларында Small супермаркеттеріне («Скиф-Трейд» ЖШС) ай сайын 120 тоннадан, жалпы көлемі 240 тонна қант бір келісі 405 теңге босату бағасымен жөнелтілді. Ритейлерлер үшін белгіленген 10%-дан аспайтын сауда үстемесін ескере отырып, тұтынушылар үшін қанттың шекті бөлшек сауда бағасы келісіне 445,5 теңгеге дейін белгіленді. Өнім Алматы қаласындағы Small сауда желісінің 36 нүктесінде қолжетімді.

Қант жеткізу тұрақтандыру қорының есебінен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2025 жылы қарашада «Алматы» ӘКК отандық өндірушілерден 4500 тонна құмшекер сатып алған. Бұл қорлар сұраныс артқан кезеңде Magnum, Small, Toimart, «Столичный» және «Юбилейный» сауда желілері арқылы сатуға арналған. Босату бағасы сауда үстемесі 10%-дан аспайтын шартпен бір келісі 405 теңге болды.

Бағаны тұрақтандыру тетігі биыл қараша айына дейін күшінде болады. Ол қант тапшылығына жол бермеуге және шаһарда сұраныс артқан кезеңдерде бөлшек сауда бағасының өсуін тежеуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);