ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан азаматты азапта...

Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан азаматты азаптаған полиция қызметкерлеріне сот үкімі шықты

Заң мен тəртіп 17.01.2023, 11:19 886
Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан азаматты азаптаған полиция қызметкерлеріне сот үкімі шықты
Сурет: Ernur.kz
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.


Сот өткен жылдың қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде автокөлікті заңсыз иемденді деген күдікке ілінген азамат Р.-ның полиция бөлімшесіне жеткізілгенін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Полиция қызметкері Қ. одан әрі тергеп-тексеру үшін азамат Р.-ны полиция қызметкерлері Б. және Х-ға тапсырған. Ол екеуі азамат Р-ны тәртіпсіздіктерге қатысты деп есептеп, зардап шеккен әріптестері үшін кек аламыз деген мақсатпен оған физикалық қысым көрсетіп, күш қолданып, азаптаған.


Сотта хабарлағандай, аталмыш әрекеттер үшін қылмыстық кодексте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Сондай-ақ үш полиция қызметкері қылмыстық құқықбұзушылық жасағанын басшылықтан жасырған.


Қылмыстық кодексте құқық қорғау органының қызметкері бола отырып, қызметте әрекетсіздік жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


Сот сотталушы Қ.-ға жаза тағайындау кезінде мүліктік залалды және моральдық зиянды ерікті түрде өтеуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ал төтенше жағдайда қылмыстық құқықбұзушылық жасауын және оның берген антын бұзуын жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды.


Сотталушы Б.-ға жаза тағайындау кезінде жас балаларының болуын, мүліктік залал мен моральдық зиянды өтеуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырса, төтенше жағдайда қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны және оның берген антын бұзған әрекеттерін жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескерді.


Сотталушы Х.-ға жаза тағайындау кезінде төтенше жағдайда қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны және антын бұзған әрекеттерін жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды.



«Сот үкімімен сотталушылар Б. және Х. Қылмыстық кодекстің 1-тармағының 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығы шектеле отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы Қ. ҚК-нің 370-бабының 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,263 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.