AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қаңтар оқиғаларына байланысты 1 481 қылмы...

Алматыда қаңтар оқиғаларына байланысты 1 481 қылмыстық іс тіркелді

Заң мен тəртіп 25.01.2022, 06:58 1,073
Алматыда қаңтар оқиғаларына байланысты 1 481 қылмыстық іс тіркелді

Алматы қаласының полиция департаменті қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін ашуды және тергеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері 1481 қылмыстық істі тіркеді.


Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 1 213, бөтеннің мүлкін қасақана жою бойынша 46, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша 41 іс бар.


Жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 236 адам ұсталды. Оның ішінде 214-іне қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасына санкция шығарды. Үш күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тәртіптілік таныту қолхаты» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.


«Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 144 атыс қаруы мен 8 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Наразылық акциялары кезінде қылмыстық элементтермен Алматы қаласының аумағында орналасқан 1 602 объектіге шабуылдар жасалып, дүние-мүліктер талқандалды. Қазіргі уақытта ПД тергеу бөлімшелері бүлінген объектілердің жалпы санының 97%-ын тексеріп шықты. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында», - деді Рустам Абдрахманов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);