ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап ш...

Алматыда қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің барлық өтінімдері қаралды

Әлеумет 10.03.2022, 07:33 1,168
Алматыда қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің барлық өтінімдері қаралды
almaty-akshamy.kz
ШОБ өкілдерінен түскен барлық өтінімдер 100% қамтылды және қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан...

 ШОБ өкілдерінен түскен барлық өтінімдер 100% қамтылды және қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссия өтініштерді қысқа мерзімде қарап, мемлекеттік қолдау көрсетіп, қала экономикасын қалпына келтіруді жеделдетті.
 
Еркебұлан Оразалин атап өткендей, Info Kazakhstan электронды платформасына 1188 кәсіпкерден 1355 өтінім келіп түсті.
 
Өңірлік комиссия отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 5 286 млн теңге болатын 1139 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 4 194 млн теңге сомасына 595 өтінім, «Жаңа Алатау» қоры қаржысынан 1 091 млн теңге сомасына тағы 544 өтінім бар.



«Негізінен сауда және қызмет көрсету секторы зардап шекті. Өтінімдердің көпшілігі азық-түліктік емес тауарларды, аяқ киімдерді, киімдерді сатумен айналысатын кәсіпкерлерден, сондай-ақ тұрмыстық техниканы, зергерлік бұйымдарды сататын сауда-ойын-сауық орталығының аумағында орналасқан айырбастау пункттері мен дүкендердің иелерінен келіп түсті», - деді Е. Оразалин.



Қалған 216 өтінім пысықтауға жіберілді (өйткені 120-сы бойынша құжаттардың толық емес пакеті ұсынылды, 96-ы жеңілдетілген тетік аясында төлем сомасы бойынша келіспеуге байланысты сот сараптамасына жіберілді).
 
Зардап шеккен бизнесті толық қамту және қала экономикасын тезірек қалпына келтіру мақсатында Комиссия хатшылығы құжаттардың толық пакетін ұсыну бойынша көмек көрсету үшін Qoldaý кәсіпкерлік орталығының жанынан консультациялық штаб ашты.
 
Өтемақы әлі төленбеген зардап шеккен кәсіпкерлер кеңес алу үшін жұмыс күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 101 кабинетке жүгіне алады.
 
Өңірлік комиссияның келесі отырыстары 2022 жылғы 12, 15 және 18 наурызға жоспарланған.
 
Брифингке Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов қатысып, зардап шеккен бизнесті қолдау үшін «Күш – бірлікте» қоры құрылғанын хабарлады. Комиссия шешімінен кейін қор қаражаты объектілері тоналған және бұзылған Алматыдан және басқа өңірлерден келген кәсіпкерлерге бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,314 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.